ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖҰМЫСЫ ЖЕТІЛЕ ТҮСУДЕ

18:03, 28 қараша 2019

 


Облыс халқының саны 700 мың адамды құрайды. Әрқайсысымызға кез-келген уақытта жедел жәрдем көмегі қажет болуы мүмкін. Өңірде 18 аудандық шағын станциясы мен 19 бөлімшесі жұмыс істеп тұр, онда тәулік бойы 69 жедел жәрдем қызметінің бригадасы еңбек етеді. Біздің түсірілім тобы облыстық жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты. Аталған қызмет фельдшерлерінің айтуынша, жедел жәрдем станциясына шалынатын қоңыраулардың көпшілігі аса ауыр болып саналатын көрінеді.  

БАХЫТЖАН ТЕМІКЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ

 Олардың бірі, жол көлік апаты еді. Апатқа түскен жүргізуші автокөлік ішінде қысылып қалған. Сондықтан, автокөлік ішінде медициналық көмек көрсетуге тура келді. Қатты қысылып қалғандықтан оны құтқару өте қиын болды. Қауіпсіз жерге шығарып ала алмадық.

Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий біз барған күні 100-ге жуық жол-көлік оқиғасының тіркелгенін айтуда. Бұл жылдық көрсеткіштен асып түскен. Соңғы 10 айдың ішінде санитарлық авиация мамандарымен оқиға орнына 34 рет ұшып жету, 262 рет тасымалдау іске асырылған. Облыс бойынша 30 реаномобиль үлестірілді. Ерекше атап өтерлігі, елде лизинг арқылы 800 көлік сатып алынып, оның 50-і Ақмола облысына берілетін болады.  

АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бүгінде, өңірдегі елді мекендердің 62 пайызы жедел жәрдеммен қамтамасыз етілген. 2020 жылы қосымша 5 бөлімше ашуды жоспарлап отырмыз. 2019 жылы барлық қызметкерлердің 100 пайызы көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына сай оқытылды. Израиль тәлімгерлерінен білім алды. Бір дәрігеріміз Америка елінің кардиологтар қауымдастығы мүшелерінен тәжірибе жинақтамақ. Енді бірі, Әлемдік банктің қаржыландыруының нәтижесінде жарақаттар барысында көмек көрсетудегі білімін жетілдіретін болады.  

 «Қоңырауды ұстап тұру». Бұл процедура аса ауыр жағдайда науқасты ауруханаға жеткізу жолында қашықтықтан жан сақтау бөлімінде қолданылатын барлық мүмкіндіктерді жасауға көмектеседі. Кейде, мұндай қоңыраулардың саны тәулігіне 100-ден асып жатады.   

САПУРА БАЗАРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Бұл күнбе күн немесе маусым мерзіміне байланысты болады. Қысты күндері қоңыраулардың саны арта түседі. Күніне 250-350 рет қоңырау шалынады.

Өңірде жедел жәрдем жұмысын жетілдірумен қатар кадр жетіспеушілігі де байқалады. Бригадалардың құрамы 73 пайыз ғана мамандармен жасақталған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу үшін шамаман тағы 50 шақты фельдшер қажет. Ал, ауылдарды жаңа техникамен қамтамасыз ету елдімекендерді жедел жәрдеммен 14-тен 27 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді.   

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...