ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

14:17, 13 тамыз 2019

ДК:  Елбасы көрсеткен  «Ұлт жоспары -  100 нақты қадам» жобасында белгіленгендей, жекеменшік медицинаны дамыту мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмысын бастаған болатын. Бұл бастама жекеменшік медицина жағдайының артуына сеп болып отыр.   

STAND UP: ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА: ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЕЛ БЕРІКТІГІНІҢ КЕПІЛІ. СӘЙКЕСІНШЕ, МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЗАҢДЫ-АҚ. АЛ ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНА ЖАЙЫН МЕН, БАБАСАНОВА ТҰМАРЫМ СЮЖЕТТЕ БАЯНДАЙТЫН БОЛАМЫН. 

КСМ: Жекеменшік медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа тұрып, бөлінген қаржының негізінде жұмыстарын жандандырып отыр. Биыл қор 56 емдеу мекемелерімен жұмыс атқарады. Оның 33-і  мемлекеттік, 23-і жекеменшік. Жекеменшік медициналық ұйымдардың 41 пайызы қор  арқылы тегін көмек көрсетуге міндеттелді.

СНХ: МАҚСАТ ҚҰЛЖАНБЕКОВ, ӘМСҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Егер, жеке айтатын болсақ, 12 емдеу орталық стамотологиялық көмек көрсетсе, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдерге және әлеуметтік жағдайы төмен жандарға шұғыл емдеу шаралары жүргізіледі.5 емдеу орталық станционарлық медициналық жәрдем берсе, оның 3-і созылмалы бүйрек ауруларын емдейтін амболаторлық гемодиализ орталықтары. Сонымен қатар, көз ауруларымен шағымданғандарға көмек көрсететін медициналық ұйымдар бар. Облыс және аудан орталықтарында қымбат зертханалық көмек беретін емдеу орындары бар. Келесі жылдан бастап жекеменшік медициналық ұйымдардың саны артып, науқастар қолжетімді әрі сапалы ем ала алады деген сенімдеміз.

КСМ: Қордан бөлінетін қаражат жекеменшік медициналық ұйымдардың заманауи қондырғылар орнатуына, қызметкерлердің табысын арттыруға септігіп тигізіп, медицинаның түрлі салаларының дамуына негіз болып отыр дейді мамандар.

СНХ:  ЖАНБОЛАТ ТУҒАНБЕКОВ, БАС ДӘРІГЕР: Біз 2017-ші жылдан бастап келісімшартқа отырдық. Содан бері медицинаның тегін кепілдендірілген мөлшерін атқарып келе жатырмыз. Қазіргі таңда 7 сала бойынша. Ол – неврология, кордиология, нейрореабилитация, хирургия, генекология, офтальмология және лор қызметтері.

КСМ: Келісімге тұрған салалар бойынша жатып емдеу бюросының парталы арқылы жекеменшік емдеу орындарында станционарлық ем қабылдап, ота жасатуға болады дейді мамандар. Әрі бұл бастама жұмыстарының одан әрі дамуына мүмкіндік туғызып жатқандағын айтуда. Бұл тәжірибе кеңінен қолданылатын болса, көптеген жекеменшік емханаларда науқастар үшін поликлиникалық қаралуға тегін мүмкіндік туып, диагностикалық зерттеулерге жол ашылатыны анық. 

Тұмарым Бабасанова, Сабыр Құлатай , Павел Соловьев, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...