ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖЕМҚОРДЫҢ БАРАР ЖЕРІ...

15:12, 13 ақпан 2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті бір топ ақмолалық мемлекеттік қызметшілерді тергеу изоляторына апарды. Осылайша, аталған департаменттің мамандары мемлекеттік қызметшілерді парақорлықтан сақтандыруды көздейді. Жоспар бойынша мұндай экскурсия барлық облыстық басқармаларды қамтиды деп күтілуде.

Еңсесі төмен, қабырғасы қалың абақтыға кіріп келген адамның көңілі су сепкендей бұзылады. Қылмыстық атқару жүйесінің сақшылары тергеу изоляторының күнделікті тұрмысымен таныстырып, кеңсе қызметкерлеріне темір тордың ішіндегі тәртіп пен талап туралы баяндады.

Мемлекеттік қызметшілер парақорлықтың кесірімен темір торға тоғытылған әріптестері мен басшылары туралы ойға келсін деген ишара – бұл. Оңай ақшаны олжалаймын деген талай басшы осы камераларда сот үкімін күтті, бармағын шайнап өкінді. Алайда, заң ешкімді жазадан жалтартпайды.

СНХ: БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ

Көздерімен көріп, нәтиже шығармаса болмайды деген мақсатпен барлық мемлекеттік қызметкерлерді түрмеге әкеліп, осындай профилактикалық  шара ұйымдастырып отырмыз. Әрбір маман, кадр қызметкерлері жұмысқа қабылданғанда өздерінің міндеттемелерімен танысып, қол қояды. Яғни барлық мемлекеттік қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерімен арнайы таныстырылады. Осындай шаралар арқылы заң бұзушылықтың салдарын түсіндіруді көздеп отырмыз.

РКС: Биені бүгімен, түйені түгімен матағандар ақыры өз басын жұтып тынады,- дейді тәртіп сақшылары. Бұл изоляторда әкім де, басқарма басшысы да күн санап, сары уайыммен сот үкімін күтті. Мемлекеттік қызметшілердің алған әсері сөзбен айтып жеткізгісіз болса керек. Бірі амалсыз күлді, бірі терең ойдың тұңғиығына бойлады.

Жемқорлықпен күрес департаменті арнайы шақырған 20 шақты маманның арасында басшылық қызметтегі азаматтар келмепті. Келесі «экскурсияларда» бұл олқылықты түзету жайы айтылды.

STAND-UP: АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР

Мемлекеттік қызметтің абыройы зор, алайда, міндеті ауыр. Алтын көріп жолдан тайған талай «періште» тергеу изоляторында сан соқты. Жемқорлықпен күрес мамандары бүгінгі шараға Ауылшапруашылық және мәдениет саласының мамандарын арнайы шақырыпты. Өздеріңіз білетіндей аталған басқармаларда жемқорлық деректері анықталған болатын.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...