ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ АЗАЙМАЙ ТҰР

19:55, 16 қыркүйек 2020

ДИКТОР:  Аршалы ауданында  жемқорлық азаймай  тұр.  «Нұр Отан» партиясы өңірдегі филиалының бақылау комиссиясы мен жемқорлыққа қарсы қоғамдық  кеңестің бірлескен отырысында осы мәселе қаралды. Сондай-ақ кеңесте қашықтан білім алып жатқан оқушылардың компьютермен қамтылу  жайы  сөз  болды.

РКС: Облыс бойынша мектеп оқушыларының 48 проценті қашықтан білім алуда. Ол үшін мектеп  базасындағы  7500  компьютер білім алушыларға таратылды. Қауіпті індет сейіліп, балалар  штаттық режимде оқыса, техника кері қайтарылады. Сонымен бірге мемлекет бюджетінен 3,5 млрд теңге бөлінген. 

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ   БІЛІМ   БАСҚАРМАСЫ   ЖЕТЕКШІСІНІҢ   ОРЫНБАСАРЫ/// ҚАЗ/03:45///Үкімет резерві тарапынан алдағы уақытта осы айдың аяғына дейін 23 мыңнан артық компьютерлік техника сатып аламыз республикалық бюджет есебінен. Олардың барлығы бүгінгі күні мектептің компьютерлік техникасын айырбастауға және жаңартуға өзінің көмегін тигізеді.    

РКС: Қажетті техникалық жабдықтардың кеш жеткізілуі шекараның жабық болуынан деп түсіндірді басқарма жетекшісінің орынбасары. Күн тәртібіндегі келесі мәселе -  Аршалы ауданында  жемқорлыққа қарсы шаралардың атқарылуы. Ауданда екі жыл бұрын 2 ауылдық округтің әкімі, былтыр білім бөлімінің жетекшісі бармақ басты, көз қысты әрекетке барған. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотта қаралып жатқан істер де бар. Биыл да құқық бұзушылықтар анықталған. Аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Людмила Асанова өз баяндамасында тек жалаң фактілерге тоқталды. Жемқорлықты жоюға бағытталған нақты жұмыстар жайында айта алмады.

СНХ: ЛЮДМИЛА АСАНОВА, АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ/// РУС/  00:12///Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты құқық бұзушылық фактілер расталған жоқ. Арыз түсірген азамат олардың этиканы бұзғанын дәлелдей алмады. Біздің де тарапымыздан дәйектер жоқ.  Биыл мұндай 3 дерек орын алды.

СНХ: ҒАЛЫМ  БЕКМАҒАМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ///  рус///  01:02 Людмила Сабыровна, сіз әкімші ретінде тек қандай фактілердің орын алғанын ғана айтып өттіңіз.  Ал мәселе атқарушы органның қызметі жайында. Бұл жерде нақты  аудан әкімдігінің атқарған жұмысы сөз болып отыр.

РКС:  Комиссия  мүшелері  бірауыздан  Аршалы ауданы әкіміне партиялық жаза қолдану қажет деген шешім қабылдады. Бұдан бөлек жиында кәсіпкерлік саласының мінсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.

АЙГҮЛ   МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...