ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ – ЖОЮ МІНДЕТ!

16:30, 14 қазан 2020

ДИКТОР: Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылді жетілдіруге қатысты. Мәселенің мән-жайын құзырлы орган өкілдері арнайы брифинг барысында түсіндірді.

РКС: Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін және сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған Заңға қол қойды.

РКС:  Өңірлік ведомство жетекшісі қылмыстық-тергеу жұмысының көрсеткіштеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жұмыстармен таныстырды.

СНХ: МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма/// Өткен кезеңнің есебінде біздің Департаменттің іс жүргізуінде 100-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 80-нен астамы ауыр және сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер. Негізінен бұл үлкен процентті құрайтын – ұрлық пен парақорлық. Осы қылмыстық істер бойынша 60-тан астам адам жауапкершілікке тартылды.

РКС: Мемлекеттік шығынды өтеу мәселелеріне үлкен басымдық беріліп отыр. Бүгінгі күні шығын көлемі 1 миллиард теңгені құрайды. "Оның 700 миллион теңгеден астамы мемлекеттік бюджетке қайтарылды", – дейді Мұрат Төлеубаев. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...