ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРАПТАМА ЖАСАЛУ КЕРЕК

18:19, 13 ақпан 2020

«Antikor ortalygy» алаңында «Нормативті құқықтық актілер жобаларының жемқорлыққа қарсы сараптамасы» тақырыбы аясында семинар өтті. Айтулы шарада мемлекеттік қызметшілер мен заң саласында жүрген өкілдер қатысты. 

РКС: Жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  парақорлықтың алдын алмақ. Семинардың басты мақсаты – жемқорлық қатерін болдырмау үшін нормативті құқықтық актілер мен заңнамалардағы құрылымдарды жетілдіру. Семинарға қатысқан Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова өз тәжірибесімен жергілікті мемлекеттік қызметшілер мен заң қызметкерлері арасында бөлісті.

ЗАУРЕШ БАТТАЛОВА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ //

Біздің әр тәжірибеміз көрсеткендей, тыңдармандар нормативті құқықтық актілерде қауіп-қатер тудыратын фактілер бар екеніне көздерін жеткізуде. Жемқорлыққа қарсы сараптаманың жоқтығынан заңнамалардың сапасы өте төмен. Екі ойлы, нақты емес, іске асырылуы да күмән тудыратын нормативтердің саны өте көп.  Сол себепті, жоғары лауазымда жүрген арсыз қызметкерлер, мемлекеттік ведомстволар осы нормаларды пайдаланып қарапайым азаматтарға заңсыз жоғары талартар қояды. Сондықтан, Қазақстанда жемқорлықа қарсы сараптама жүргізу қажет. Жемқорлық, бопсалау сынды теріс пиғылдарға жол бермейтін нақты, түсінікті, ашық заңдарды әзірлеуде сүбелі үлес қосары анық.

РКС: Тағы бір атап өтерлігі, жобаның басты ерекшелігі – елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда азаматтық қоғамның қатысуын белсендендіру аса қажет етіледі. Әсіресе, олар заң шығару жобаларында, қоғамдық бақылау мен құқықтық мониторингте атсалысса, нұр үстіне нұр болар еді,-деген ойларын жеткізді семинарға қатысушылар.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, НҰРСҰЛТАН ЫБРАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...