ШҰҒЫЛ! 19 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ҚҰЛАП ЖАТЫР Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

15:44, 14 қаңтар 2020

Мемлекетік қызметкердің компьютеріндегі жұмыс үстелі  арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті әлеуметтік зұлымдықпен күнделікті күресудің жаңа әдісін ұсынды. Бұл Көкшетау қаласы әкімінің кеңсесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс компьютерлерінде «Пара берме, пара алма» деген хабарлама арқылы жүзеге  асты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Пара алма, пара берме»  ескертуі мемлекеттік аппараттың әр қызметкерінің жұмыс үстеліне орнатылады.  Экрандағы 20 секундтық ескертпе сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік қызметкерлер арасында аталмыш індетке қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдістерінің бірі болады деп күтілуде. Ескерту тек Көкшетау қалалық әкімдігінің қызметкерлерінің компьютерінде ғана емес, қала әкімі Амангелді Смайыловтың да қызметтік құралына орнатылды.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам жұмыс күнін компьютері арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы ескертуден бастағаны өте орынды. Сол ескерту арқылы жемқорлыққа жоламай, қызметін адал атқаратын болады. Қалалық әкімдікте қабылданған тәжірибені алдағы уақытта облыстың барлық мемлекеттік органдарына енгізу жоспарлануда.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ  СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА ДАРХАН САҒЫН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
13:10, 28 мамыр 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...