ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ЖӘНІБЕК ХАННЫҢ МАЗАРЫ БОЛУЫ МҮМКІН

20:31, 2 маусым 2020

 

ДК: Ақмола өңірінің археологиялық ескерткіштерінің қатары тағы бір кесенемен толықпақ. Қорғалжын ауданының маңынан табылған мазар Жәнібек хандікі болуы мүмкін. Мұндай болжамды қазба жұмыстарының жүргізілуіне арқау болған жергілікті археологтар келтіруде.

РКС: Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан мазар қалдықтарын ең алғаш 2008 жылы аудан тұрғындары тапқан. Бірақ, қаржы тапшылығынан толық зерттелмей қалған. Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек хан мазарын ғылыми тұрғыда зерттеуді қолға алды. Жаңа жоба аясында архелогиялық жұмыстарға Ғылыми-зерттеу институтының, Еуразиялық ұлттық университетінің мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қызметкерлері бірігіп атсалысты.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: /қаз/ Бірінші кезеңдегі зерттеу жұмыстары барысында тарихнамасы архивтерден қарап зерттелді.+ Археологиялық зерттеу жұмыстары барысында қираған мазар қалдығын таптық. Қазақ хандығының кірпіштеріне тиесілі өрнектелген. +Глазурланған сырлармен боялған. Бұл жерде қазақ хандығына тән шексіздіктің белгісі өрнектелген. Бұл Мәңгілік ел логотипінде де қолданылады. Қазақ хандығының байрағында да бар мұндай кірпіштер. Сол себептен біз оны Жәнібек ханның 15 ғасырдағы ғимарат сол кісімен тығыз байланысты ма деген болжамымыз бар.

РКС: Мазар ішінде бірге көмілген ер мен әйелдің сүйектері табылды. Сондай-ақ, 15-ші ғасырға тиесілі 10 шақты күміс тиын мен әшекей бұйымдар шыққан. Бұл табылған адам сүйектері геномдық анализді анықтау үшін Жапонияға, ал, антролпологиялық бет пішінін қайта қалпына келтіру үшін  Ресейге жіберілмек. Егер зерттеу жұмыстары барысында табылған адам сүйегі расында Жәнібек ханға тиесілі болса, онда қазақ елі үшін бұл тарихи сенсация болмақ. Ескі мазардың қалдықтарындағы ою-өрнектер негізінде жаңа мемориал бой көтермек.

ОТВОДКА: Қорғалжын ауданының маңынан табылған тарихи мазар жайында толығырақ білгіңіз келсе, 9-шы маусым күні кешкі сағат тоғыз жарымда «Көкше» арнасынан көрсетілетін «Аманат» хабарын тамашалаңыздар.

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...