ШҰҒЫЛ! ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ 679 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН Толығырақ

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІКТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15:57, 4 қазан 2019

Облыстық әкімшілікте жер мәселесі бойынша жиын өткізілді. Кездесуге қатысушылар пайдаланылмай жатқан жерлердің туындау себептерін талқылады. Ауылшаруашылығы алқаптарына электронды есеп жүргізу іс шараларына егжей-тегжейлі тоқталды.  Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Аграрлық саладағы басым бағыттың бірі жерді тиімді пайдалану. Жердің тиімді ресурсы әрбір ауылшаруашылығы кәсіпорнының экономикалық тұрақтылығының кепілі. 

ҒАЛЫМЖАН ӘБДІҚАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өткен жылдың қараша айында бас прокуратураның көмегімен 975 гектар пайдаланылмай жатқан және 4 мың гектар комерциялық бағыттағы жер анықталған. Ағымдағы жылдың маусым айында қосымша камералық әдіспен тағы 654 мың гектар пайдаланылмаған және 1 мың гектар комерциялық бағыттағы жер анықталып отыр. Сонымен аймақтағы пайдаланылмай жатқан жер көлемі 1,6 млн гектардан асып жығылады.

Кездесуге қатысушылар жайылым жерлерді цифрландыру мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. өңірде 10,1 млн гектар алқап цифрландырылған. Бұл жалпы аумақтың 96,3 пайызы. Жиын барысында пайдаланылмай жатқан жердің пайда болу себебі талқыланды.

АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұдан бұрын жүктелген міндеттемелерге сйәкес, әсіресе пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бөлімі бойынша Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары мен Егіндікөл, Атбасар, шортанды, Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандық жер қатынастар бөлімінің жетекшілеріне ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары мен жер қатынастары бөлімінің жетекшісіне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жиын қорытындысына сәйкес бірқатар мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда пайдаланылмай жатқан жердің реестрін қалыптастырып, ауылшаруашылығы алқаптарын цифрландыру. Аймақта ғарыш сапары атты пилоттық жобасы аясында ғарыштан жерлерге мониторинг жүргізу жұмыстары басталған. Зерттеу нәтижелері жердің тиімді игерілуі бойынша жан-жақты әрі толық мағлұмат бермек.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, «КОКШЕ-АКПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ЗАҢСЫЗ ТОСҚАУЫЛМЕН КҮРЕС
14:36, 21 қаңтар 2021
ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ЗАҢСЫЗ ТОСҚАУЫЛМЕН КҮРЕС
Толығырақ...
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ. ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚТАР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
14:35, 21 қаңтар 2021
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ. ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚТАР ЖИНАҒЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНГЕН БІЛІМ ОШАҒЫ
19:18, 14 қаңтар 2021
РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНГЕН БІЛІМ ОШАҒЫ
Толығырақ...