ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:29, 6 желтоқсан 2018

РКС: Еліміздің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады және жер кодексінде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Жиын қатысушылары осы жеке меншіктегі жер телімдеріне байланысты түйткілді түйіндерді шешу жолдарын талдап, өзге өңірлердің тәжірибесімен танысты.

СНХ: БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ МҮШЕСІ///Өзге өңірлерде өткен семинар қорытындысы бойынша Семей және Атырау қалаларындағы құқық бұзушылықтар анықталды. Олардың негізінде бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік және қауіпсіздік кеңесі бірлесіп өзара ведомство аралық жұмыс тобын құрды.

РКС: Жалпы ел аумағындағы жер телімдерінің 7 санаты бар. Олардың қатарына  ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптар,  елдiмекендердiң аумағы,  мемлекет мұқтажына арналған жер телімдері, қорғалатын табиғи аумақтар мен тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер енеді. Жер қатынастарын реттеуде сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің маңызы ерек. Бүгінгі жиынның мақсаты да осы бағыттағы негізгі мәселелерді талдау, - дейді мамандар. 

СНХ: ӘДІЛБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ/// ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен жер қатынастары тақырыбында республика аумағында осындай семинарлар өтті. Жиынға арнайы мониторингтік топ мүшесі, адвокат Бақытжан Базарбек шақырылды. Ол тұрғындардың нақты мәселелерін талдап, жер телімдеріне меншік құқықғын  иелену жолдарын айтты.

РКС: Жиында кадастрлық құжаттаманың құрылымын, мазмұнын және нысандарын белгілеу, жер мониторингін жүргізуді ұйымдастырудағы бірқатар мәселелер талданды. Заңгер Бақытжан Базарбек  кездесуде көтерілген мәселелердің тиісті шешім табуы   республикалық мекемелердің назарына ұсынылатынын жеткізді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ
20:02, 18 сәуір 2019
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – КӘСІПКЕР ПАРЫЗЫ!
19:34, 12 сәуір 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – КӘСІПКЕР ПАРЫЗЫ!
Толығырақ...
Е.МАРЖЫҚПАЕВ: «...80 БАСПАНАНЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫНА ҮЛЕСТІРЕ АЛАМЫЗ»
19:00, 12 сәуір 2019
Е.МАРЖЫҚПАЕВ: «...80 БАСПАНАНЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРЫНА ҮЛЕСТІ...
Толығырақ...