ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ

15:22, 17 қаңтар 2020

Облыстық ішкі саясат басқармасы,  "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі, "El Jastar" театры және де "JakonDRA Music" музыкалық студиясы бірлесіп қолға алған аудиокітаптарды жарыққа шығару жобасы  жалғасын табуда. Кезекті тұсаукесер жергілікті 9 қаламгердің туындыларын қамтыды. Заман талабына сай рухани байлықты насихаттауға бағытталған аталмыш жобаның алдағы жоспарлары да ауқымды.

Білімімді жетілдіріп, жергілікті шайырлардың шығармаларымен сусындаймын деген жанға аудиокітап қолжетімді. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде қолыңыздан түспейтін смартфоныңыз арқылы интернет желісінен тауып, көзмайыңызды құртпай-ақ құлаққаппен тыңдай аласыз.  2 ай көлемінде дайындалған туынды тыңдаған оқырманды қызықтырмай қоймайды.

ҚУАНЫШ ОСПАНОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір аудиокітаптар көп қой. Дегенмен, біздің кітаптардың бір ерекшелігі арнайы эффектілер арқылы оқиға беріледі.  Айталық, Ақан серінің сюжетіндегі бір ішек қасқыр туралы оқиғаларда қасқырдың дауысы сәтті қолданылған. Сонымен қатар,  түрлі табиғаттық құбылыстар - жел, дауыл құстардың дауыстары тыңдап отырған адамға өте әсерлі.   

Іс-шара барысында өнер атты бір терінің пұшпағын илеп жүрген   «Рухани жаңғыру»  өңірлік жобалық кеңсесі, "El Jastar" театры және және де Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғымыми- әмбебап кітапханасы үш жақты меморандумға қол қойды. Ел көлемінде аталып өтілетін  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және тағы да басқа  айшықты мерекелерде артылатын жүкті бірге көтеріп, тың туындыларды тыңдармандарға ұсынбақ.

ОРАЗМҰХАММЕДЖАНКЕРЕЙ МҰХАМЕДӘЛИ, "JAKONDRA MUSIC" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  

Бұл мен үшін біріншіден үлкен тәжірибе болды. Және де осы кітапты жасау барысында өзімізге рухани байлық жинадық. 6 актер оқып шықты. 9 кітап 30 минуттан астам болады. Ал, Сәке Сері Жүнісовтың «Ақан сері» романы мен  Ілияс Есенберлиннің «Қақар» романы 60 минуттан.   

Айта кету керек, "El Jastar" театры 30-шы қаңтарда Абай Құнанбаевтың «Жастықтың оты қайдасың»  туындысын сахналамақ. Бүгінгі таңда дайындық қызу жүріп жатыр. Рухани кешке келген оқырмандар аудиокітаптың тұсау кесеріне куә болғаннан кейін, кітаптар көрмесін аралады.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...