ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰРАМА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА СПОРТТЫҚ БИДЕН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

15:18, 14 ақпан 2020

Жерлес жас жеткіншектер спорттық биден Елорда төрінде өткен Қазақстан чемпионатында мықтылар сапынан көрінді. Аталмыш бәсекеге республиканың әр қиырынан келген кіл  мықты бишілер қатысты. Облыс намысын айтулы додада 25 жұп қорғап, соның 16-сі жүлделі орынға ие болды. Яғни, өңір қоржынында 7 күміс, 9 қола медаль. Облыс мерейін асқақтатқан жеңіпаздармен әріптесім Абзал Азаматұлы жүздесіп қайтты.

Абай Зейнолла мен Айша Төлешова дуэт болып жарты жылға жуық өнер көрсетіп келеді. Дәл осы бимен қос жеткіншек үздік үштіктің қатарына енген. Алғашқы айналымда латынамерикалық жанрында, екінші кезеңде еуропалық жанрдағы биді нақышына келтіре орындады. Жалпы ұпай санымен жерлес бишілер үшінші орынға табан тіреді.

СНХ: АБАЙ ЗЕЙНОЛЛА, СПОРТТЫҚ БИДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ ///қаз/// Турнирге дайындық жұмыстары өте жақсы жүрді.  Бізге арнайы Челябинск қаласынан мықты жатықтырушы келіп бізді дайындады. Біз меңгерген әдістердің барлығын жарыста қолдандық.+++ Сондай-ақ, бұл біздің Айша екеуміздің алғашқы жарысымыз.

СНХ: АЙША ТӨЛЕШЕВА, СПОРТТЫҚ БИДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ ///аударма/// Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз бойымыздағы қобалжу мен қорқынышты жарыс алаңына шыққанда жеңе білдік. Қарсыластардың барлығы мықты. Біз қолдан келгенді жасадық. Қола медальға қол жеткіздік.

РКС: Айтулы жарысқа 700-ге жуық жұп қатысқан. Оларды жас ерекшеліктеріне қарай, ересектер мен жасөспірімдер тобына бөлген. Айта кету керек, өңір намысын қорғаған жүлдегер бишілердің барлығы  «Реверанс» спорттық би клубында жаттығады. Енді олар Алматы шаһарында өтетін халықаралық турнирге дайындық жұмыстарын бастап кетті.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...