ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ - АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ ШАРТТАРДЫҢ БІРІ

14:43, 18 маусым 2019

РКС: «Жергілікті өзін-өзі басқаруды трансформациялау» жобасы аясында Мемлекеттік басқару Академиясының облыстық филиалында бұған дейін  ауылдық округтердің 30 әкімі оқытылған. Бүгінде ауылдарды жаңа жүйе бойынша басқаруға көшкен 39 әкім екі апталық семинарға қатысуда. Оқыту жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі заманғы проблемаларын шешуге, әлеуметтік көрсеткіштерді арттыруға, яғни, жұмыссыздар санын азайту, жас мамандарды тартуға бағытталып отыр. Сонымен қатар, салық салу базасын кеңейту арқылы бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерді ұлғайтуға қатысты ұсыныстар беріледі.

СНХ: БЕЛЛА ГАЗДИЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ  АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /// Семинардың бағдарламасы өте ауқымды және ол әкімдердің күнделікті жұмысына қатысты мәселелердің барлығын қамтиды. Бұл жер қатынастарына, ветеринарияға қатысты мәселелер, бюджетті қалыптастыру және оның кіріс-шығыс бөлігі, кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері 18 түрлі әкімшілік айыппұл салуға құқықты. Семинарда осыған қатысты да түйткілдерді қозғаймыз. ////

РКС: Жәнібек Толқынбек Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі. Елдімекеннің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне көшкеніне 4 жыл болған. Осы уақыт аралығында жергілікті қауымдастықпен бірлесіп, ауылдағы өзекті деген мәселелер шешіліп келеді,-дейді шенеунік. Яғни, жаңа жүйе арқылы ауылдықтар өзекті деген мәселелерін өздері шешуге дағдылануда.

СНХ: ЖӘНІБЕК ТОЛҚЫНБЕК, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ /ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ/// Қазіргі таңда біздің округіміз 4-ші деңгейлі бюджетке көшкеннен бастап өзіміз бүкіл қаражаттарымызды местный сообществомен ақылдасып, қай жаққа, мысалы светке, жолға, балабақша аулаларына жұмсайтынымызды өздеріміз шешеміз. Халық оны жақсы қабылдап жатыр. ///     

РКС: Оқыту шеңберінде әкімдер өз ауылдық округтеріндегі халықтың жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған мәселелерге қатысты жобалар әзірлейтін болады. Бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды  шығару, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, сумен жабдықтау құрылысы жүйесін қайта құру, көшені жарықтандыруға байланысты озық технологияларды енгізуге қатысты болады. Семинар барысында сондай-ақ, әкімдердің мемлекеттік саясатты жүргізуге және ұлттық идеологияны қалыптастыруға  қатысты жұмыстары тілге тиек етілмек.   

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...