ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ РЕСПУБЛИКА БЮДЖЕТІНЕН 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

14:48, 11 ақпан 2019

РКС: Шортанды ауданындағы халық саны 30 мыңнан асып жығылады. 50-ге жуық ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.  Биыл Бозайғыр мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін 164 миллион теңге көлемінде қаржы бағытталмақшы. Аудандағы әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім  байқалады. Өткен жылы ауылшаруашылығы бойынша 4 мың тонна ет, 15 мың тонна сүт, 3,3 млн. дана жұмыртқа алынған. Бозайғыр ауылында сүт-тауар фермасы мен 2 ет комбинаты іске қосылған.

СНХ: ГҮЛНҰР СӘДУАҚАСОВА, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ /// Біздің алға қойған міндеттеріміз Елбасы Жолдауында айтылған мақсат-жоспарларды жүзеге асыруға және мәселелердің шешуін табуға  арналған. Бүгінгі күні шешімін тапқан мәселелер де бар. Бірақ, алда да  атқаратын жұмыстар аз емес.

РКС: Өндірістегі өндірілген өнім көлемі 31,1 миллиард теңгеге жуықтаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға артық. Аудандағы «Қазақалтын» кәсіпорны өткен жылда жалпы құны 22,2 миллиард теңге болатын 1,6 тонна алтын өндірген. Бұл көрсеткіш ескі жылдан екі есеге артқан. Кәсіпорында 1200 адам еңбек етеді.  Орташа есеппен алғанда ауданда айына 125 кг бағалы металл өндіріледі. Аймақта орналасқан астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының да өңірдің дамуына осып жатқан үлесі аз емес.  

СНХ: КЕНЖЕ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ, А.И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///Ауданның жетістігі алдағы жылдары орташа өнімі 10-12 центнердің аумағында болса, былтыр 15,5 деген үлкен өнім алып отыр. Ауданның болашағында 17-20 аламыз деген жоспар бар.  Әлеуметтік  салада үлкен жаңалықтар ашылып кетті. Жастарға көмектесу, жұмысқа орналастыру. Ғылыми орталыққа да соның арқасында жұмысқа келіп жатқан жастар аз емес. 60 пәтерлі үй тұрды. Оның 40-ы жастарға берілуі керек.  /// 

РКС: Өңірде 1500-ге жуық шағын және орта кәсіп субьектісі тіркелген. Олардың барлығы дерлік жеке кәсібін дөңгелету үстінде. Баспана құрылысына тартылған инвестиция көлемі 554 миллион теңге. Ауданда 5,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы 36-пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын бастауға 183 миллион теңге көлемінде қаражат бағытталған. Жол жөндеу мәсенлесі кезең кезеңмен жүзеге асу үстінде. Былтыр Шортанды елдімекенінде 7, ал Бозайғыр ауылында 6 көшеге асфальт төселген.  Ауданда жалпы білім беретін 26 мектеп бар. Мұнда 4500-ге жуық оқушы білім алады. Былтыр 8 білім беру нысаны облыстық бюджет қаражатының есебінен жөндеу көрген. Өткен жылы 740 жаңа жұмыс орны ашылған. Есептік кездесуге келген жұртшылық көкейде жүрген сауалдарын жолдады, бірқатар өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Тұрғындардың басым көпшілігі ауыл арасындағы жолды жөндеу жұмыстарына алаңдаушылық білдіретіндіктерін жеткізді. Елбасы Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында биыл ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге республика бюджетінен 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бағыттау көзделіп отыр.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
19:42, 22 ақпан 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...