ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЖЕРЛЕС БОКСШЫЛАР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНДА...

15:33, 11 қыркүйек 2019

Ақмола облысы құрамасының боксшылары Щучинск қаласындағы  «Жақсы-2» спорт базасында жатттығып жатыр.Былғары қолғап шеберлері арасында Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ ,РЕДАКТОР:

 Жерлес былғары қолғап шеберлері қазан айында өтетін ҚР Бокс федерациясы кубогын сарапқа салу сайыстарына қатысады.

Облыс боксшыларын бірнеше тәжірибелі бапкер дайындвқ үстінде. Олар күніне екі мәрте жаттығу өткізеді.Сондай-ақ, Бурабайдың саф ауасын жұтып, алыс қашықтықтарға жүгіреді.Бокс залындағы жаттығуларда кеңейтілген бағдарламаға құрылған.

ОРАЗБЕК АСЫЛҚҰЛОВ, БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

«Жақсы» базасына келіп,оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқанымызға бірнеше күн болды.Табиғаты тамаша өлкеде дайындық жасау бір ғанибет.Алаңсыз жаттығумызға қолайлы жағдай туғызылған.Осы орайда Жақсы базасының  иесі,белігілі кәсіпкер Батырбек ағаға алғысымыз шексіз.

Соңғы жылдары шаршы алаңда жарқырап көрініп жүрген Талғат Шәйкеновте аянбай маңдай тер төгуде.Оның да мақсаты жеңіске жету.

ТАЛҒАТ ШӘЙКЕНОВ, БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ұлттық құраманың сапына қабылданғаныма көп болған жоқ.Әлемге танымал былғары қолғап шеберлерімен талай жарыстарға қатыстым. «Жақсы» базасында жерлестеріммен бірге Қазақстан Республикасы бокс федерациясының кубогына дайындалып жатырмыз.Бізге бірнеше білікті бапкер дәріс беруде.

Қазан айында аймағымыздың Жақсы ауылындағы Тұрсынбек Уәлиев атындағы спорт кешеніне шаршы алаң керіледі. Еліміздің барлық өңірінен келген боксшылар қолғап түйістіреді.Осынау байрақты бәсекеде Ақмола облысының құрамасы да биіктен көрінер деген сенімдеміз.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ,САБЫР ҚҰЛАТАЙ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...