ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

18:25, 16 мамыр 2018

РКС: Жекпе-жек спорт түрлері қазақстанда кең қанат жайған. Бұл октогонда өнер көрсетуге қабілетті отандастарымыздың әлемдік аренадағы жетістіктеріне  арқау болып отыр. Қазақстандық спортшылар халықаралық сайыстарда әрдайым биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Орталық Азияда соңғы бес жыл қатарынан Қазақстан құрамасы ең үздік ретінде танылған. ММА-ден Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Баян Жаңғалов бұл спорт түрінің Ақмола облысында да жемісті дамып келе жатқанын айтады. 

СНХ: БАЯН ЖАҢҒАЛОВ, ММА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ Мамыр айында Астана қаласында аралас жекпе-жек бойынша 6-шы республикалық чемпионат өтті. Бұл жарыста Ақмола облысынан 8 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар өнер көрсетті. Облыс командасы үлкен емес, дегенмен нәтиже көңілге қонымды. үш спортшымыз жүлдегер атанды.

РКС: ММА алаңында ел намысын қорғап жүрген спортшылардың бірі Шавкат Рахмонов. Ол жуырда 10-ыншы «Battle оf Nomads» халықаралық сайысында чемпион белдігін еншіледі.  Барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіліс көрмеген спортшы 18 жасында қазақстан атынан алғаш ММА белдігін тағынған. Ол әлемдегі аралас жекпе-жектен ең жас чемпион ретінде де белгілі. Естеріңізге сала кетейік, «М1 Глобал» промоушны мен  Шавкат арасындағы келісімшарт тағы екі жылға ұзартылған болатын. 

СНХ: ШАВКАТ РАХМОНОВ, ММА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ /// 12-ші мамыр күні Астананың 20 жылдық мейрамына деп осы турнир ұйымдастырылды, "Көшпенділер шайқасы". Бұл сайыстың басты жекпе-жегі менде болды. Тәжікстандық мықты спортшымен кездесіп, жеңіске жеттім.

Өткен ММА апталығы аясында «Battle оf Nomads-пен» қатар ММА-ден 6-шы республикалық чемпионат та ұйымдастырылды. Ел біріншілігінде Тайусханов Джохар мен Шпилев Андрей күміс жүлдегер атанса, ауыр салмақта өнер көрсеткен Ахметжанов Олжас қола жүлдені қанжығалады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ
18:39, 22 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚОҚИҚАЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
18:39, 22 қазан 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚОҚИҚАЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
15:18, 16 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Толығырақ...