ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЖІБЕК БАҒЫСОВА - 80 ЖАСТА

15:28, 16 қазан 2020

ДК: Сахна саңлағы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жібек Бағысова 80 жаста. Дарынды өнер иесін облыс әкімі Ермек Маржықпаев арнайы құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс  хатын табыстады. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген өнер майталманы театр саласына жаңаша леп әкелген жан әлі де сахна төрінде. 

Менің қымбат ғұмырымның тағдыры,

Өнерімнің күндерінен тұрады.

РКС: Сексеннің сеңгіріне шыққан сахна саңлағының 60 жылы театрда өтті. Бағысованың талантына таңдай қағып, бас бармақпен баға берген жандар көп. Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық драмма театрында қажырлы еңбек етіп, зор құрметке бөленді.

СНХ: ЖІБЕК БАҒЫСОВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ//ҚАЗ/// Әрбір образды жасау үшін іздену керек. Көп еңбек ету керек. Бір сахнада, бір театрда жұмыс істеген соң көрерменің көзі адамға үйреніп қалады. Сондықтан образдар бір-біріне ұқсамау керек. Әйтпесе көрермен жалығып кетеді ғой. Жаныңмен өнер деп келгесін, қасиетті сахнаның төріне шыққаннан кейін, халыққа ой салатындай қойылым қойғасын бәріне төзуге тура келеді.

РКС: Өңір басшысы Ермек Боранбайұлы өз сөзінде өнер иесінің сахнадағы әр рөлі жүрекке жылу, жанға рух беретінін  атап өтті. Сондай-ақ, тек арқаның ғана емес исі қазақтың мақтанышына айналған Жібек Есекейқызына алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//қаз///Өзіңізді барша ақмолалықтар кешегі Ақан сері, Біржан сал сияқты тұлғалардың жолын жалғастырған деп біледі. Бойыңыздағы бар талантыңызбен алған абыройыңыз осының дәлелі. Бүгінгі күні баршамызға ақылшы ұстаз, өнегелі апа болып жүрсіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарыңыздың құрметі мен қамқорлығын тіілеймін.

РКС: Кездесу барысында өңір басшысы Президенттің құттықтау хатымен қоса Ассамблеяның 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальді табыстады.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ДАРХАН САҒЫН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...