ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ

15:02, 24 мамыр 2019

РКС:  Нариман Шәймерденов пен Нариман Сабдин тәжірибелі тәртіп сақшылары. Аттас азаматтар «Борышкер» жедел-шарасы аясында жүргізушілердің құжаттарын тексеруде. Тәртіп сақшылары патрульдік полицияның жаңаша жабдықталуы өз қызметіңді ашық әрі сапалы атқаруға қолайлы жағдай ұсынады – деп отыр. Мысалы, қазір жол полициясы әкімшілік айыппұлды рәсімдеу ісін электронды үлгіге көшірген. Бұл уақыт үнемдеудің тамаша мүмкіндігі.  

СНХ: НАРИМАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, ЖОЛ-ПАТРУЛЬ ПОЛИЦЕЙІ ///  небәрі 5 минут. Бұл уақыт ішінде біз тәртіп бұзған жүргізушіге әкімшілік жаза хаттамасын толтырып, мынадай шағын принтерлерден көшірмесін шығарып табыстаймыз. Бұдан бөлек жүргізушінің бұған дейін қандай тәртіп бұзғанын, көлігінің өз атына тіркелуін өзге де мәліметтердің барлығын электронды деректер базасы арқылы бақылай аламыз.

РКС: Қоғам қауіпсіздігінің кепілі ретінде күні-түні жол үстінде қызмет атқарған тәртіп сақшыларының жабдықталуы жыл санап ілгері озып келеді. Әрбір жол полициясының көлігі ішкі-сыртқы бейнекамералармен жабдықталған. Оған қызметкердің кеудесіндегі арнайы бейнежетонды да қосыңыз. Бұл қоғам  мүшелерінің сенімін арттырып, кез-келген даулы жағдайда бұлтартпас дәлел ұсынады.

СНХ: НАРИМАН САБДИН, ЖОЛ-ПАТРУЛЬ ПОЛИЦЕЙІ /// Әрбір патруль көлігі жолға шығарда бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Олар көліктің ішіндегі іс-әрекетті, жол бойындағы қозғалысты толықтай бейнежазбаға түсіріп алады. Бұдан бөлек әрбір полицейдің жеке  бейнетіркегіштері болады. Онсыз біз жұмысқа кірісе алмаймыз. Бұл бейнежетон да күні бойы қосулы болуы тиіс.

РКС: Қызмет көліктерінің талаптқа сай жабдықталуын облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов арнайы тексерді.

РКС: Полицейлер өз қызметінің жылдам, сапалы әрі даусыз болуымен қатар, экстрималды жағдайда тұрғындарға көмек көрсетуге де әзір болуы тиіс. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі патрульдік көліктің жабдықталуына қосымша тағы 12 құралды енгізіп отыр.

СНХ: БАЛҒАБЕК МҰСТАФИН, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Көкшетау қалалық полиция басқармасы жол патрульдік полиция батальонында 38 автокөлік бар. Олардың барлығы, әрқайсысы 3 бейнетіркегіштермен жабдықталған. Сондай-ақ әр көлік өзге де қажетті құралдармен, барлық тиісті құжаттармен қамтылуы тиіс.

РКС: Статистика комитетінің мәліметі бойынша сәуірде ел аумағында тіркелген көліктің саны 10 пайызға артып, 3 млн. 700 мыңға жуықтаған. Жол-патрульдік полициясының қызметі көшедегі тізілген көліктің қауіпсіздігі, жолаушының жол амандығы. Оны қамтамасыз етудің тетігі - баршаға ортақ ережеге немқұрайлы қарайтын тентектер мен тәкаппарларды тыю.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар