ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНДА 2 ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

20:36, 15 қазан 2020

ДК: Шучье қаласында көлік соқтығысынан екі полиция қызметкері қаза тапты.  Жантүршігерлік оқиға бүгін таңғы алтылар шамасын орын алған. Яғни, Лексус темір тұлпарын тізгіндеуші қатты жылдамдықпен келіп учаскелік полиция қызметкерлері отырған Лада көлігін соғады. Жол апатынан  қос тәртіп сақшысы оқиға орнында жан тәсілім етеді.

РКС: Қанат Отарбаев және Қанат Хамидуллин. Бірі 38-де болса, енді бірі 33 жаста. Екеуіде полиция капитандары. Аудандық полиция бөлімінде инспектор болып қызмет атқарған. Екеуінің артында жары мен балалары қалды. Қызмет барысында қаза тапқан қос полиция қызметкерінің отбасына 11 млн теңге қаржылық қолдау бөлінеді.

СНХ:  ГҮЛНӘР ПИНЧУК ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ (Аударма) Күдікті анықталды. Ол - Щучье қаласының  25 жасар тұрғын. Бұған дейін көлік ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Және мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

 

 

 



 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...