ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЖОЛ АЗАБЫН ТАРТҚАН ЖОЛДЫБАЙ

13:14, 22 мамыр 2020

 

ДК: Биыл ақмола облысында 39 млрд. теңге жол жөндеу жұмыстарына бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық. Өңірде 700 шақырым жол жөнделуде. Облыс аумағындағы жолдардың жалпы көлемі 7 мың шақырымнан асады. Жол құрылысы қарқыны артқанымен, шалғай ауылдардың қатынасы жыл санап күрделеніп келеді. Қыруар қаржының дені облыстық маңыздағы жолдарға жұмсалуда. Жолдыбай ауылындағы жолдың жайымен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы танысып қайтты. 

РКС: Ірі өндірістік нысаны жоқ немесе халық саны 15 мыңға жетпеген елді мекендер жол жөндеуге кезектің соңында. Ал, жыл озған сайын мұндай ауылдардың құты қашып, халқы қоныс аударып жатыр. Көкшетаудан 60 шақырымдағы Жолдыбай ауылы сөзімізге мысал. Жылқы жусатып, май шайқаған 90 шаңырақтан бүгінде 33-і қалған. Ауылдастар мектебіміз жабылса, кіндік кесіп, кір жуған жердің жұрты қаңырап қалар деп қауіптенеді.  

Интершум. ауыл туралы ән

РКС: Жол жайсыз болған соң тіршіліктің де қыбы келіспейтіні белгілі. Ақкөңіл ағайын қаладан бұрын далаға барар жолға алаңдайды. Осы маңайдағы Баратай, Ақан, Бұлақ тұрғындары грейдерден гөрі қыр аралаған қара жолмен жүргенді жөн көреді. Жүріс жылдам, көліктің де сынуы аз. Алайда, көктемгі ағын су екі жолды да шайып, Жолдыбайды байланыссыз қалдырыпты.

СНХ: БОЛАТ БЕКІШЕВ, ЖОЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /// (қазақша) /// Бұл осы маңдағы ауылдардың қатынайтын жолы. Баратай, Бұлақ ауылдары ана жақпен орап жүргенше, осымен тура кетеді. Ауылда жұмыс жоқ, малмен күн көріп отырмыз. Алғ шабындық жердің барлығы осы жақта. Жаңбыр боса тағы жүре алмаймыз.

СНХ: МӘУЛЕН БІРКЕНОВ, ЖОЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /// (қазақша) /// Осы өткел колхоз уақытынан бері бар. Ана шығып тұрған ағаштар ата-бабамыздың салған көпірі. Симферополь совхоздың салған жолы анау еді. Оны су шайып кеткеніне 5-6 жыл болды.

РКС: Жергілікті әкімдік шағын өзенге өткел салып беруді қолға аламыз, - деп отыр. Ал, қалаға барар жолға жауапкершілігіміз жоқ, - дейді ауыл басшысы. Себебі «Жолдыбай-Симферополь-Көкшетау» бағыты облыстық маңызы бар жолдар қатарында екен. Сауалды жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына жолдадық.

СНХ: СНХ:  ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///(орысша)  «Нұрлы көш-Симферополь-Жолдыбай» бағытындағы жол облыстық маңызы бар бағыттың бірі. Биыл жолды жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжатқа тапсырыс берілмек. 2021 жылы Жолдыбайға жаңа жол салынады деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Жолдыбай жолы болған ауылдар қатарынан табылды. Аз түтін тағы екі жыл қоңыр тірлігінен қол үзбесе игі еді. Бүгінде облыстық маңызы бар жолдың 78 пайызы жөндеу көрген. Ал, өңірдегі ауыл жолдары 2187 шақырым. Оның тең жарымы қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жол санатында. Қалған жартысының маңызы ауыл азматтары үшін  жерде емес аспада тұр.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...