ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС ДАМЫП КЕЛЕДІ

12:42, 14 қаңтар 2021

ДИКТОР: Зеренді ауданында жол бойындағы сервис дамып келеді. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Петропавл-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолда орналасқан сервис нысаны жолаушыларға да, Шағалалы станциясының тұрғындарына да қолайлы болып отыр.

РКС: Осыған дейін Шағалалы станциясы арқылы өтетін жолаушылар үшін жол бойында тоқтайтын жердің болмауы үлкен мәселе еді. Осыны ескерген жеке кәсіпкер Кристина Мишина серіктестерімен бірге жол бойындағы жайлы және қолжетімді сервис нысанын ашты. Бүгінде мұнда дәмхана, дүкен, жүк көліктеріне арналған тегін тұрақ, 6 адамдық хостел мен монша бар. Сондай-ақ, көліктердің доңғалағын ауыстыру қызметі қарастырылған.

СНХ: КРИСТИНА МИШИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ///аударма/// Жол бойындағы сервис нысандарын ашудағы басты мақсатымыз – алысқа қатынайтын жүргізушілер үшін қолайлы жағдай тудыру еді. Кейін Шағалалы станциясы тұрғындарының сұрауымен азық-түлік дүкенін аштық. Дүкендегі тауар бағалары мемлекеттік стандартқа сай, 10-15 процентке төмен деуге де болады. Сондай-ақ, жабдықталған жылы экодәретхана бар.

СНХ: АҚТОТЫ МҮРСӘЛІМОВА, ШАҒАЛАЛЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///қаз///Мынау бізде придорожный дүкен ашылып, өте қуаныштымыз. Іші міне бәрі толып тұр. Продукциясы көп, инвентары да көп, өте таза.+скл.+Осы магазинге үйреніп алдық.   

РКС: Айта кету керек, нысан ашылғалы бері 15 адам жұмыспен қамтылды. Олардың дені Шағалалы станциясының тұрғындары.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АНАРА СҰЛТАН, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...