ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР

18:28, 16 тамыз 2019

ДК: Трасса бойында сауда саттық жасауға тыйым салынғанына қарамастан, бұл жерлерде  тауар сатушылардың қатары аз емес. Жолдағы заңсыз сауда жасау қаупін түсіндіру мақсатында полиция департаменті рейд жүргізді. Толығырақ келесі бейематериалда.

РКС: Көбінесе жүргізушілер көкөністер мен жемістерді сатып алу үшін жол жиегіне тоқтайды. Осылайша, олар жол-көлік оқиғаларына әкелетін қауіпке тап болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жол қозғалысының қалған қатысушыларына қолайсыздық туғызады.

РКС:  Полиция қызметкерлері саудагерлерді жазалай алмайды, сондықтан мұндай шаралардың алдын-алу қауіпсіздікті күшейтеді. Алайда, түсіндіру жұмыстары көмектеспей жатады. Маусымдық кәсіпкерлер тауарды мол сату үшін жолға барынша жақын тұруға тырысады.

СНХ: МЕРДЕН КЕНЖЕҒОЗИН, ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ Жаз басынан жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Полиция қызметкерлерінен бірнеше рет ескерту келіп түсті,бірақ сатушылар мұны елемейді және сатуды жалғастырады.

РКС:  Сатушылар рөлінде жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі, бұл да елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Статистика бойынша ағымдағы жылдың алты айындағы дерекке сүйенсек,  "Астана-Петропавл" автожолында 3 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан үш адам қаза тапқан.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ӘЗІРЛЕГЕН ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...