ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЖОЛ ҚАДІРІН ЖҮРГЕН БІЛЕР...

16:03, 9 қазан 2019

Жол қадірін жүрген білер. Щучинск-Николаев бағытындағы тас жолының сапасы сын көтермейді. Мұны жол активтері ұлттық сапа орталығының Ақмола облысы бойынша филиалы арнайы рейд барысында анықтады. Шамамен осыдан 2 жыл бұрын салынған аудандық маңызы бар күре жолды әріптесім  Айгүл Мырзағалиқызы да көріп келді.

Щучинскіден бастау алып, Николаев елдімекеніне апаратын бұл 34 шақырым жолды 2017 жылы алматылық мердігер компания салған. Алайда жөндеу жұмыстары соңына дейін атқарылмай, нәтижесінде осындай шұрық тесік қалыптасты. Жол активтері ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының мамандары көшпелі  зертхана көлігімен  зерттеу жүргізіп, жол сапасын анықтады.

ТАЛҒАТ ЖҮСІПОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ

Зерттеу қорытындысы 5 күннен кейін мәлім болады. Ал мердігер компанияның үстінен  қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, орталық жұмысы «Сапалы жол-адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Мақсат-осындай аяқсыз қалған сапасы сын көтермейтін жолдарды анықтау. Әрі қарайғы жұмыс тиісті департаменттің құзырында.

ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ  ДЕПАРТАМЕНТІ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұл біздің алғашқы және соңғы көшпелі жұмысымыз емес. Біз жөндеу жұмыстарының сапасыз жасалғандығын тек қағаз жүзінде ғана анықтап қоймай, іс жүзінде сол кемшіліктерді түзетеміз. Нақты шаралар қолданатын  боламыз.  Мы здесь увидели.. Сондай-ақ мұнда ешқандай жол жүру белгісінің қойылмағандығын да байқадық. Тем более.. Оның үстіне жол сапасына қатысты кепілдеме мерзімі әлі аяқталмаған.

Әр мердігер компания жол сапасына екі жылға дейін кепілдік беруі тиіс,-дейді мониторинг тобының жетекшісі. Айта кету керек, жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстағы филиалы  осындай  көшпелі  зерттеу жұмыстарын  жиі жүргізеді. Нәтиже  сапасыз жолдарды анықтап, оны жасаған компанияға жұмысты соңына дейін аяқтату.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ  БАСУ  ҚАУПІ  ЖОҒАРЫ
20:22, 19 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
17:45, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...