ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНЫҢ 22 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

17:20, 13 қаңтар 2021

ДК: Ақ түтек боранда мұз үстіне шығып, жағадан жырақтап кеткен 2 балықшы құтқарылды. Оқиға Бурабай ауданындағы үлкен Шабақты көлінде орын алған.  Яғни, жолдан адасқан балықшылар бірден 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрайды. Оқиға орнына аттанған құтқарушылар айналысы 2 сағаттың ішінде қос балықшыны  қауіпсіз жерге жеткізді.

РКС: Құтқарылған қос балықшыда Көкшетау қаласының тұрғындары болып шықты. Бірі  69-да болса, енді бірі 66 жаста. Ауа-райына қарамай, қызық қуып балық аулаймын деген балықшылар үйлеріне қайтар жол таппай сандалады. Құтқарушылардың көмегіне жүгінген оларға тиісті көмек көрсетілді. Айта кету керек, бүгінде өңірде көл бетін бақылайтын 60 құтқарушы және 13 техника бар.

СНХ: ДӘУЛЕТ ШАМИҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///Кеше 12 қаңтар күні түс ауа сағат 3 кезінде Бурабай аудандық жедел-құтқару жасағына Нива көлігін тізгіндеген қос балықшы жол таба алмай жүр деген қоңырау түсті. Оқиға орнына аттанған құтқарушылар екі балықшыны тауып, Ақылбай ауылындағы туыстарының үйіне жеткізді. Ал, көліктерінде қауіпсіз жерге апардық. Біз осындай боранды күндері мониторингттік жұмыстарды үдете түсеміз. Әсіресе, Қопа көлі, Зеренді, Үлкен Шабақты көлдері басты назарға алынған.

РКС: Сонымен қатар, соңғы 1 тәулікте өңірде қар құрсауында қалған 1 мыңға жуық адам құрқарылды. Тәртіп сақшылары барлық тас  жолдардағы апаттық-құтқару жұмыстарын қатаң бақылауға алған. Өкінішке орай, 20-дан астам жол-көлік оқиғасы да тіркелген. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алғанын атап өткен жөн.
СНХ: ӘСЕТ БАЙТЕЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Бір тәулікте қар құрсауында қалған 528 көлік және 1 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Құтқарылған адамдардың 10-ы бала. Сонымен қатар, облыс бойынша 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді.  Өкінішке орай 7 адам түрлі дене жарақатын алды.  Олар қазіргі таңда медицина мамандарының бақылауында. Бір қуантарлығы қайтыс болған адам дерегі тіркелмеді.

РКС: Бүгінде облыс бойынша 34 жылыту бекеті орнатылған. Онда 30 техника мен 60 жуық құтқарушы қызмет етеді. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға боранды күні жолға шықпауды ескертеді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...