ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ «ҮЗДІК МАМАНЫ» АНЫҚТАЛДЫ

19:37, 10 тамыз 2018

РКС: Жауапты жарыс бірнеше кезең бойынша өтті. Ол жол полициясының қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді білу және жол қозғалысы ережелерін меңгеру. Сонымен қоса автоматтандырылған қарудан атудан, Макаров тапаншасын жинау және бөлшектеуден, самбо күресі техникасын игерумен қатар өртке қарсы жаттығулардан өзара сайысқа түсті.

СНХ: ҚУАНЫШБЕК ӘБЕНОВ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ // Қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін арттыру мақсатында, Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясы қызметкерлері арасында «Үздік маман»  байқауы өткізілді. Жарыс ережелері тәртіп сақшылардың қабілеттерін  жоғарғы деңгейде екендігін көрсетті.   

РКС: Жарыстың әрбір бөлігі тәртіп сақшылары үшін маңызды рөл атқарады. Олардың  бұл сайысқа тыңғылықты дайындалып келгені бірден көрінді. Себебі, қызметтік қаруды қолдану, жауынгерлік ұрыс әдістерін меңгеру олар үшін үйреншікті іс. Жарыстың соңғы кезеңінде облыстық ішкі істер департаменті госпиталінің учаскелік терапевті Алена Нұрғалиева алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын да өткізді. Байқау қорытындысы бойынша  облыстық ішкі істер департаменті жол патрульдік бөлімшесінің полиция сержанты Дәурен Қапбасов үздік нәтижеге қол жетікізіп, бірінші орынды иеленді.

СНХ: ДӘУРЕН ҚАПБАСОВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ// Ішкі істер департаментінде 2016 жылдан бастап қызмет етіп келемін Күнделікті жаттығулар мен нормативтік-құқықтық актілерді және жол қозғалысы ережелерін меңгерудің арқасында осындай үздік нәтижеге қол жеткізіп отырмын.

РКС: Бұл тек облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері арасында өткен байқау болатын. Енді, Дәурен Қапбасов елордасы Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайтын болады.

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ-АҚПАРАТҚА ДАЙЫНДАҒАН МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
19:42, 22 ақпан 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...