ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛЫ

15:25, 14 қыркүйек 2018

РКС: Көрікті  Көкшетаудың шырайын келтіріп отырған әсем ғимараттардың саны жыл озған сайын  артып келеді. Осыған сәйкес қала ішіндегі жол жөндеу жұмыстары мықтап қолға алына бастады. Биыл жол құрылысы жұмыстарына бағытталған қаражат көлемі 2 млрд 26 миллион теңгеден асып жығылады. Сонымен қатар көшелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 400 млн теңге қарастырылып отыр. Облыс орталығындағы 4 көше мен Қылшақты көпірін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда.   

СНХ: АЛЕКСАНДР РУБЛЕВСКИЙ,  ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ                                                                                                                 ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///  Бүгінгі күні жол жөндеу жұмыстарының барлығы дерлік жоспарлы түрде жүзеге асу үстінде. Атап айтар болсақ, Мәлік Ғабдуллин көшесін қалыпқа келтіру  үшін, жалпы ұзақтығы 1,5 шақырым қашықтыққа асфальт төселуде. Сондай-ақ осы көшенің бойындағы Қылшақты көпірі жөндеу көреді. Мұнымен қоса биыл Наурызбай Батыр, Вавилов, Бейбітшілік көшелерінде де құрылыс жұмыстары қолға алынған. Жоспар бойынша қазан айының соңына дейін құрылыс жұмыстары толық ақталуы тиіс. ///    

РКС:   Бұдан бөлек, облыс орталығындағы Мақсим Горький мен Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған 2 көшенің бойында бір бағытқа қатынайтын арнайы жолақ салу жоспарланып отыр. Бұл қаладағы көлік кептелісінің алдын алуға оң ықпалын тигізбекші.

СНХ:    ТАГИР САЛАХОВ, БРИГАДИР  /// Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қиыршық тасы бар асфальт төселді. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша тамыздың 20 - сына дейін сапалы әрі жоспарға сай толық аяқталатын болады. ///

РКС: Жол жөндеу жұмыстарынан бөлек инженерлік желілерді ретке келтіру үшін облыс қазынасынан 178 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қала ішіндегі жолдың құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.   

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ



 

Тақырып бойынша материалдар

 «THE NOMADS» КОМПАНИЯСЫ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІНЕН РЕАЛИТИ-ШОУ ТҮСІРДІ
15:02, 25 қыркүйек 2018
«THE NOMADS» КОМПАНИЯСЫ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІНЕН РЕАЛИТИ-ШОУ ТҮ...
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ӨҢІРДЕ 117 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
15:02, 25 қыркүйек 2018
«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ӨҢІРДЕ 117 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар