ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

20:03, 10 шілде 2020

ДК: Биыл облыс жолдарын жөндеуге 39,9 миллиард теңге бөлінген. Барлығы 700 шақырымдық жол орташа жөндеуден өтуі тиіс. Алайда, оның сапасына қатысты тұрғындардың шағымдары да жоқ емес. Мәселен, ерейментаулық тұрғын қаладағы жолдардың сапасына көңілі толмайтындығын әлеуметтік желіде жариялаған. Бұл шағымға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Ақмола - адалдық алаңы» бірден әрекет етіп, жол сапасын тексеруді қолға алды. Аталған рейдке біздің түсірілім топ та қатысты.

ЕСТ ШУМ. Әлеуметтік желідегі видео-шағым

РКС: Ерейментау қаласының жолдары сонау Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген. Сондықтан ерейментаулықтар жолдың сапалы жасалғанын қалайтыны сөзсіз. Олар мердігердің жолдың тек беткі қабатын сырып, астындағы бетонын қалдырғанына наразы. Осы шағымға байланысты Ерейментау қаласына мамандар арнайы келіп, жөнделген жолдың сынамасын алды.

СНХ: АЛЕКСАНДР ВОЛКОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ  //аударма.  На данном участке мы отобрали 3 пробы асфальтно-бетонного покрытия ....жөндеуден өтіп, асфальт-бетон жабындысы төселген жолдың 3 сынамасын алдық. Тек біреуінің қалыңдығы мен сапасы талапқа сай емес деп анықталды. Алайда, біз осы сынамаларды әрі қарай зертханаға жөнелтеміз, сөйтіп, жолдың қаншалықты сапалы жасалғандығына анықтама береміз. ///

РКС: Мамандардың айтуынша, жол орташа жөнделіп жатқандықтан, сапалы орналасқан бетонды алмауға болады. Жол жөндеу барысында жіберілген  кемшілік жолдың қалыңдығы мен сапасына қатысты анықталған.

СНХ: ТӨЛЕУТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ///қаз. осы қазіргі тұрған жерде көптен бөлінбеген ақша биыл бөлініп, жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың бағасы  87 млн тг. Конкурс өткізіп подрядчик шарт бойынша июнь, август айларында жұмыс істейді. Жұмыстың жартысы бітіп қалды. Халықтың көптен күткен жолы. Сондықтан оның жөнделуін технадзормен қадағалап жүрміз. Замечание айтып уақытында жөндеп жатыр.///

РКС: Жол мемлекеттік қаржыға жөнделіп жатқандықтан, бұл жұмыстарға жергілікті 13 тұрғын тартылған. Сондықтан жолды барынша талапқа сай етіп жасауға тырыстық,-дейді мердігер компанияның өкілі.

СНХ: АРТУР ҚАПЕЗОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ  ///аударма: Приступили 4 июня... Жолды жөндеу жұүмыстарына маусымның 4-і кіріскен болатынбыз, қазір аяқталуға шақ қалды. Жұмыстарға жергілікті тұрғындар да тартылды. Олардың тарапынан жол сапасына қатысты еш шағым жоқ. жұмысқа жауапкершілікпен қарап, сапалы орындауға тырысып жатырмыз. //

СНХ: ҚАНАТ ИМАШЕВ, ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ///ҚАЗ. Қашан осы жолды оңдайды, қашан жақсы жолмен жүреміз деп арманымыз еді. Жолға көңіліміз толады. Жаман емес деп ойлаймын. Кеше жүріп өттім істеген жұмыстарын қарап. Өзіміз жолдың жұмыскері болмағасын түсінбейміз, біраз все равно жұмысқа ренішіміз жоқ, , основоаниесі асты бетон 60 жылдары салынған содан бері ештеңе салынған жоқ. Соған міне салынып жатыр. Рахметімізді айтамыз.//

РКС: «Сапалы жол» жобасы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Ақмола - адалдық алаңы» жыл басынан осындай 7 тексеріс ұйымдастырған. Нәтижесінде 23 кемшілік анықталды. Бүгінде департамент бұл кемшіліктердің жойылуын да өз бақылауына алып отыр.

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...