ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЖОЛ САЛУ ЖАЛҒАСУДА

20:37, 15 қазан 2020

ДК: Биыл Көкшетау қаласында жол салуға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Жөнделетін жолдың көлемі де үлкен, бөлінген қаражат та қомақты. Сөйтіп, облыс орталығында жаңадан салынып жатқан өткелдер, көпірлер, көшелер мен тротуарлардың бүгінгі жайы қандай? Құрылыс жұмыстары қашан аяқталмақ?

РКС: Абылай хан қиылысынан ескі әуежай ауданына дейін созылған Назарбаев даңғылы  - жол құрылысындағы ең ірі жобалардың бірі. Бұл жердегі көпір құрылысы аяқталуға жақын. Қылшақты өзені арқылы өтіп, қан орталығына дейін жалғасып жатқан екінші көпір де аяқталып қалды.

СНХ: ЕРБОЛ ТӨЛЕУОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ// РУСС/// Қала ішінде 20 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 10 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұдан бөлек «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Красный Яр елді мекенінде 827 млн. теңгеге 5 шақырым жол жөнделеді. Жаз айларында республика бойынша битум жетіспеушілігі болған еді. Қазір бұл мәселе шешілді. Мердігерлер толыққанды жұмыс жүргізуде.  

РКС: Тағы бір маңызды жобалардың бірі – Васильковка, Сарыарқа және Көктем шағын аудандарын байланыстыратын жол. Бұл жол Петропавл тас жолымен түйіседі. Қазіргі уақытта жолға қиыршық тас пен мастикалы асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.  

СНХ: ҚАЙРАТ МҰСАЛДИН, ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ//РУСС/// Сарыарқа, Васильков және Көктем шағын аудандарын жалғап, Сулейменов пен Назарбаев көшелері арасына жол салудамыз. Жолдың ұзындығы 1200 метр. Жоба мерзімі осы айдың аяғына дейін. Мұнда асфальт төсеудің жаңа технологиясы қолданылуда. Сондай-ақ жарықтандыру, арық жүйесі қарастырылған. Жұмыс сапасына кепілдік береміз.

РКС: Сарыарқа шағын ауданындағы жолдың да аяқталуына 2 шақырым қалды. Бұл жерде екі жақты жарықтандыру, велосипед пен жаяу жүргінші жолы қарастырылған. Сондай-ақ, Уәлиханов көшесінен Бейбітшілік шағын ауданына кіреберіс жол құрылысы басталды. Шағынауданның ішкі құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр. Жалпы, облыс орталығында осындай ауқымды жол құрылыс жұмыстары алғаш рет жүріп жатыр. Енді, ең бастысы – жол жүру тәртібі мен жол ережесі сақталса болды. 

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...