ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫНА-КӘСІБИ БАҚЫЛАУ

14:25, 21 мамыр 2020

 

ДК: Облыс аумағында 7 мың шақырым жол бар. Елдімекен ішілік жолдардың ұзындығы 5 мың шақырым. Облыстық маңызы бар 2661 шақырым жолдың 78 проценті талапқа сай. Өңір әкімдігі жол құрылысы қарқынын үдетіп отыр. Бұл ретте жол төсемінің сапасына баса назар аудару қажет. Өңірдегі жол жөндеу жұмыстарының жай-күйін бақылау тәсілдерімен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы танысып қайтты.   

Интершум.

РКС: Жыл сайын жүздеген шақырым жол төселеді. Алайда, жолдағы ойық-жырықтың жамалып бітпейтпейтіні - жүргізушілердің жауыр болған мәселесі. Биыл облыс аумағындағы жол жөндеу жұмыстарының көлемі екі есе артқан. Облыс әкімдігі сапаның сан соқтырмасы үшін, жол жабынын тексеруді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына» тапсырған.  

СНХ: ЖАНАТ САЛЫҚОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ»  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ САНАТТЫ ЛАБОРАНТЫ///Осылайша біз жол жабынынан сынама аламыз. Бұл – кёрн деп аталады. Мысалы, жобалық құжаттама бойынша мына жердегі асфальт қабаты 5 см-ді құрауы тиіс. Бірден өлшем жасаймыз. Ал, жол төсемінің тығыздығы, су сіңімділігі, қолданылған қиыршық тас фракциясы, битумның сапасы тәрізді көрсеткіштер зертханада сыналады.

РКС: Жолдың сапасы бірінші кезекте оның жобалық-сметалық құжатта көрсетілген талаптарға сай болуына байланысты. Бұл мынадай арнайфы зертханада тексеріледі.

СНХ: ЖАНАТ САЛЫҚОВ, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ»  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ САНАТТЫ ЛАБОРАНТЫ///Біз жолдан алынған сынаманы бір белгілі уақытқа суға саламыз. Осылайша, асфальттың су сіңімділігі анықталады. Кейін қысым арқылы оның тығыздығы тексеріледі. Одан кейін, мынадай құрылғының көмегімен асфалттың қанша тонна қысымда үгілетіні анықталады.

РКС: Асфальт біз білетін жолдың беті ғана.  Жол сынамалары құүрылыс барысының барлық кезеңдерінде алынады. Жол төсеміне жаратылған тас қиыршық беліленген қалыңдықта, тиісті тереңдікте, тиісті фракцияда қолданылуы тиіс. Жол құрылысын жүргізген мердігер келісімшартқа сай екіден бес жылға дейін жолдың сапасына кепілдік береді. Бұдан бөлек, жол сапасына авторлық және техникалық бақылау жүргізіледі.

СНХ:  ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///Жыл сайын автомобиль жолдарының құрылысы мен қолданыстағы жолдарды жөндеуге «Қазавтожол», облыс және аудан әкімдіктері  ат салысады. Биыл осы мақсатқа 39 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Оған 700 шақырым жол жөнделеді. Биыл «Балкашино-Шаңтөбе», «Ақсу-Бестөбе-Изобильное», Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін «Еленовка-Чистополье-Есіл» тәрізді облыстық маңыздағы бағыттарда жол жөнделуде. Республикалық маңызы бар жолдарда да құрылыс жұмыстары жалғасуда. Одан бөлек, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары ынтымақтастығы форумына орай Көкшетау қаласында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде.

РКС:  Көптің көңілін күпті қылған жолдар негізінен жергілікті маңызға ие. Қазіргі таңда, осындай ауыл арасын жалғаған 2187 шақырым жол бар. Оның тең жартысы талапқа сай емес.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар