ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛАУШЫЛАР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ЕСКЕРМЕУДЕ

13:41, 20 мамыр 2020

 

ДК: Covid-19 вирусының таралу қаупі жойылған жоқ. Сол себепті сақтық шараларын естен шығармаған абзал. 12 мамырдан бастап Көкшетауда қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданған еді. Жүргізушілерге маска мен медициналық қолғап киіп, антисептиктер қолдану талабы қойылды. Жолаушылар да  санитарлық шараларды сақтауға міндетті. Автобустағы коронавирус қаупіне қарсы жауапкершіліктің жайына біздің түсірілім тобы арнайы шолу жасады.  

РКС: Карантин режимінің жеңілдетілуімен қоғамдық көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Алайда, автобустар қозғалысына қойылар талап қатаң: қоғамдық көлік міндетті түрде дезинфекцияланады, маскалық  режимді сақтау, антисептик қолдану міндетті.   

СНХ: ӘСИЯ ШӘРІМОВА, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ///рус///Біздің кәсіпорында бас санитарлық дәрігер белгілеген талаптар толық орындалуда. Барлық жүргізушілерге маска, қолғап, дезинфекциялау заттары үлестіріледі. Автобустар соңғы аялдамада залалсыздандырылады. Санитарлық қызмет мамандарының талабы бойынша жолаушылар арасында 1 метр қашықтық сақталуы тиіс. Алайда, халық нөпірі көбейген сағаттарда бұл талапты сақтау мүмкін емес.

РКС: Түсірілім тобы жасаған арнайы рейд барысында жүргізушілер мен кондукторлардың тиісті талаптарды сақтайтынына көз жеткіздік. Алайда, жолаушылар арасында бейқамдық танытқандар көп. Қоғам алдындағы жауапкершілікті жадынан шығарған азаматтардан не себепті маска  кимегендерін сұрадық…

ЕСТ. ШУМ: блиц-опрос

- Без маски. Я забыл.

- Так получилось, что вышла без маски…

- Я забыла одеть, но она с собой.

- На улицу выйдите и посмотрите. 50% населения ходит без масок.

- Была маска. Я просто устала с ней ходить.

СНХ: ӘСИЯ ШӘРІМОВА, «КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ///рус///Нәтиже қандай?! Жолаушылар сақтық шараларына немқұрайлы қарауда. Әсіресе, жолаушылардың артқы есіктен кіретінін ескерсек, жүргізушілер мен кондукторлар бұл жағдайды тұрақты бақылауға қауқарсыз. Қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды сақтауды өтінеміз.  

РКС: Қоғамдық көлік қызметкерлері электронды төлем тәсіліне басымдық беруді, яғни, көлік карталарын қолдануды сұрайды. Сондай-ақ, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін бекітілген санитарлық талаптарды сақтауды ескертеді.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...