ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:06, 18 маусым 2019

РКС: Облыс бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 5626 шақырымды құрап отыр. Ағымдағы жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен – 13,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 6,6 млрд.теңге бөлінді.

СНХ: АЛЕКСАНДР РУБЛЕВСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ  ОРЫНБАСАРЫ/// Үкімет тарапынан инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 2015 жылдан бері республикалық маңызы бар 2500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынды. Бүгінгі таңда жергілікті желіні дамыту – өзекті мәселе болып отыр. Бұл туралы Тұңғыш Президент-Елбасы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтқан болатын. Осыған орай, 2018 жылдан бастап жергілікті жолдарды қаржыландыруға көп көңіл бөлінуде.

РКС: Владимир Кулаков атап өткеніндей, жоспарды жүзеге асыру барысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы 71,3 пайызға дейін жақсармақ. Оның айтуынша, 5626 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдардың – 4011 қашықтығы жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ /// Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жыл сайын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңартып, қамтамасыз ету шеңберінде жұмыстар жүргізіп келеді. Осылайша, 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 12,8 млрд теңге бөлініп, 476 шақырым жол жөнделді.  Жалпы, Үкіметтің алға қойған міндеттеріне сәйкес, 2025 жылға қарай жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда жергілікті маңызы бар жолдарды 95 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

РКС: Жиында сондай-ақ, елдімекендерде әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, жүргізіліп жатқан жұмыстар да айтылды. Мамандар ағымдағы жылы жоспарланған көпір құрылыстарының басталу мәселесіне тереңірек тоқталып, ірі жобаларға қатысты сұрақтарға жауап берді.

АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...