ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ

13:26, 18 мамыр 2020

 

ДК: Облыста жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір тек облыс орталығы немесе республикалық маңызы бар жолдар ғана емес, аудандарда да бұл бағыттағы жұмыстар қызу. Әсіресе, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында  ауылішілік жолдарға ерекше мән берілген. Мәселен, қазірде Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласының және Алтынды мен Капитоновка ауылдарының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

РКС: Қазірде Макинск  қаласының тек жолаушылар өтетін бөлігі ғана емес, тұрғындардың шағымы мол түсетін, көптен жөндеу көрмеген көше жолдары да қалыпқа келтірілуде. Орташа жөндеу көретін жолдардың жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайды.

СНХ: КЕНЖЕГҮЛ ПІРІМБЕТОВА, БҰЛАНДЫ  АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  ///ҚАЗ. Биылғы жылы облыстық бюджеттен Макинск қаласының  көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін 261 млн ақша бөлінген болатын. Қазіргі таңда конкурстық шаралар өтіп, келісімшарт жасалды. Жұмыс басталып кетті. Біту уақыты, шілденің 10 аяқтаймыз деп отырмыз. скл. Жоспарланып отырған жөндеу жұмыстары қала халқының экономикалық, әлеуметтік жағдайларына әсер етеді. Әрі қарай жоспарланып отырған жобаларымыз бар. Келесі жолы сол жобаларды жүзеге асырамыз деп оытрамыз. Орталық көшелерді жөндеуден өткіземіз деген жоспарымыз бар. ///

РКС: Бір қуантарлығы, биыл ауданға қарасты елдімекендерде де «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу жұмыстары қолға алынды. Мәселен, Алтынды ауылының кіре берісі мен ішкі жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 120 миллион теңге бөлінген. Мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар Капитоновка ауылының жолдарын жөндеуге 80 миллион теңге қарастырылған. Биыл аудан орталығында сондай-ақ, блокты-модульді бу қазандығын салу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 250 миллион теңге бөлінген.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...