ШҰҒЫЛ! ӨЗІН-ӨЗІ АСЫРАҒАН АУЫЛ Толығырақ

ЖОЛДАУ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ

15:53, 17 қазан 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында:  «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ролі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» делінген. Президент Жолдауы мемлекеттік тілге жанашыр ақмолалық жастар тарапынан үлкен қолдау тауып отыр.

Президент Жолдауында қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі ролінің бекемделіп, ел ішінде этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беру қажеттілігі шегелеп айтылған болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін ұлтаралық деңгейге көтеру арқылы ұлт абыройын асқақтату көзделген.

АЛЕНА АФАНАСЬЕВА, ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ СТУДЕНТІ:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ғана емес, ұлтаралық тіл ретінде +енгізуге кеңес берген болатын. Менің өзімнің ойым бойынша, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ғана емес, ұлтаралық тіл қатарына кіруге міндетті. Себебі, қазақ тілі – өте бай тіл және де Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат өз тілін құрметтеп сүюі қажет. Сол себепті мен де қазақ тілін үйреніп, одан әрі дамытуға өзімнің үлесімді қосқым келеді. 

Мемлекет басшысының Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында біршама шаралар бағыты анықталып, кәсіп иелеріне жеңілдік жасау қажеттігі де айтылған еді. Бұл жастарға үлкен серпіліс беруде. Себебі, болашақта өз кәсіптерімен айналысуды мақсат еткен жастар мұндай жаңалықты қуана қабылдады.

АЛЕКСАНДРА ЧЕМЕЗОВА, ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ СТУДЕНТІ:

Президент Жолдауынан маған ұнағаны –шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық негіз әзірлеу туралы тапсырмасы. Бұл біздің еліміздегі бизнестің дамуына үлкен серпін береді. Бұл бағдарлама, ең алдымен, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қолдау танытады. Яғни, олар өздерінің кәсіптерін жүзеге асырып, сол арқылы әлеуметтік жағдайын арттыра алады.   

Жолдаудың әрбір жолына сараптама жасаған жастар Президент жүктеген тапсырмалар жергілікті билік тарапынан жүйелі түрде орындалып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайының бұрынғыдан да жақсаратынына зор сенім артып отыр.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
19:36, 20 қараша 2019
ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...
НА ПОВЕСТКЕ – СОЗДАНИЕ БЕЗБАРЬЕРНОЙ СРЕДЫ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
19:22, 18 қараша 2019
НА ПОВЕСТКЕ – СОЗДАНИЕ БЕЗБАРЬЕРНОЙ СРЕДЫ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
Толығырақ...