ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН ЖОЛАУШЫ!

18:25, 13 тамыз 2019

ДК: Көкшетау станциясы теміржол бекетінде көліктегі полиция департаменті желілік полиция басшылығы, көлік прокуратурасы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері «Вокзалдағы қабылдау» шарасын өткізді. Шара аясында жолаушылар мен қала тұрғындарына құқықтық ақпарат ұсынылып, сапар шеккен азаматтардың сауалдарына жауап берілді.

РКС: «Вокзалдағы қабылдау» акциясы қала тұрғындары мен қонақтарын жолаушы тасымалы саласының ерекшеліктерімен таныстырып, қажетті ақпарат ұсынуға бағытталған. Мұндай шара сапаржайлар мен әуежайды қамтиды. Басты мақсат жолаушының қауіпсіздігі мен жол амандығын қамтамасыз ету.

СНХ:  ЕРБОЛ МҰХАМЕДЖАНОВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ  Осындай азаматтарды қабылдау акциясы Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметін атқару аумақтарындағы темір жол вокзвлдарында және Көкшетау қаласының әуежайында тұрақты негізде, атап айтқанда, айына 3 рет өткізіледі. Темір жол – аса қауіпті аймақ болып саналатынын ескере отырып, кездесу барысында жолаушыларға темір жолдан беліленбеген жерден және құлаққаппен темір жол үстінен өтуге болмайтыны түсіндірілді.

РКС: Темір жол бекетінің қызметкерлері қашан да көмек көрсетуге әзір. Азаматтар тарапынан туындап жататын сауалдар да әралуан. Жаз айларында билет тапшылығын ескеріп, вокзал басшылығы ақпараттық жұмысты күшейткен. Вокзал ғимараты жүк тексеру, бейнабақылау жүйелерімен жабдықталған.

СНХ: РОЗА АРЫСТАНҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ Қазіргі таңда біздің Көкшетау бекетінде күніне 50 азамат жұмысқа шығады. Қазір жазғы уақытта жолаушы көп, билет жетіспей жатады. Сол себепті азаматтардың түрлі сауалдары туындап жатады.  Әртүрлі жағдайлар болып жатады. Біреулер заттарын, біреулер құжаттарын жоғалтып жатады. Біз мұндай жағдайлардың барлығында көмек көрсетеміз.

РКС: Мұнда күніне 600 ден астам азаматқа қызмет көрсетіледі. Жолаушыны алаңдатқан сан-алуан жағдаяттың барлығы дерлік теміржол мамандарына таныс. Зат жоғалтсаңыз, пойызға кешіксеңіз, немесе өзге де мәселе туындаса, бірден вокзалдағы маманға жүгінген абзал. Мұнда қажетті заңнамалық, ақпараттық көмек көрсету мамандары 24 сағат кезекшілік атқарады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  ЖАҺАНГИР МҰХАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...