ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

20:04, 7 тамыз 2020

ДК: Тамыздың 4-інен бастап облыстың емдеу стационарлары жоспарлы медициналық қызмет көрсетуді қайта бастады. Осыған орай емханаларда да терапевтік учаскелердің, салалық қызмет пен зертханалардың жұмысы жанданды. Көкшетаудағы №1 емхана арқылы емдеу порталына жазылам деушілердің қатары қазірдің өзінде 100-ден асады. Әріптесім Бибінұр Әмірханқызы баяндайды.  

СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ

РКС: №1 қалалық емханада жоспарлы стационарлық емдеуді қажет ететін 63 науқас порталда кезегін күтуде. Оған қоса 100-ден аса адам порталға тұру үшін қажет анализдерді тапсыруда.

СНХ: ГҮЛНӘЗИЯ ЗҰЛҚАРНАЕВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///аударма:///Бүгінде емханамыздың барлық қызметі науқастарды стационарларға емдеуге жатқызуға қажет медициналық қызмет көрсетуге дайын. Осы ретте жүкті әйелдер мен онкологиялық дертке шалдыққандарды химиялық терапиядан өткізуге қатысты жоспарлы қызмет тоқтатылмағанын айту қажет.  ///

 РКС: Облыстық көпбейінді ауруханасы коронавирустың өршуіне байланысты жоспарлы қызметті тоқтатқан болатын. Десе де, шұғыл терапевтік, хирургиялық, кардиологиялық, нейрохирургиялық және онкология саласында шұғыл қызмет талапқа сай жүргізілді. Енді жоспарлы қызмет те жанданады.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  //Қазірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Сондықтан, біз жоспарлы стационарлық медициналық қызметін қайта жалғастырамыз. Ең алдымен ол хирургия, саласында, онкология онкогематология, кардиохирургия, травмотология, ортопедия, жоспарлы науқастарды стационарлық емге қабылдауды бастаймыз. Ауруханаға жатқызатын талаптардың ішінде міндетті түрде ПТР анализі боулы тиіс. Жергілікті тіркелген емханаларда жасалады.//

РКС: Ия, стационарға жатудың ең басты талабы бұл ПТР тестілеу нәтижесінің болуы. Бірақ науқас тестілеуді өз қаражаты есебінен жасауы керек.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...