ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ

19:36, 22 қыркүйек 2020

ДК: Көкшетаулық Ахмедияр Рахымов республика көлемінде өткен суретшілер сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Отбасы күніне орайластырылған жарысқа ол «Абай және оның жанұясы» атты суретін жолдаған.

РКС: Жас суретшілер сайысын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырды. Ал, Ахмедиярдың бұл сайысқа қатысуына жергілікті полицияда жұмыс істейтін әкесі мұрындық болған. Биыл Абайдың 175 жылдығына орай кішкентай суретші отбасы тақырыбындағы  суретін бір арнаға үйлестіріп салуды шешіпті.

СНХ: АХМЕДИЯР РАХЫМОВ, БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ: /қаз/ Енді үшінші орын алдым. Рақмет соған да. +Көп суреттер салғым келіп жүр. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин, Қожа Ахмет Яссауи, Абылайхан туралы. Түркістан қаласына да арнап сурет салғым келеді.

РКС: Жалпы, республикалық жас суретшілер сайысына облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің 15 шақты ұл-қызы қатысқан. 10 жасар Ахмедияр солардың бірі. Әкесі Асылбек Рахымов қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері. Анасы Әсем Бахимова бала күтіміне байланысты еңбек демалысында. Ал, бүгінде өнерлі Алдиярдың соңынан ерген інісі мен қарындасы бар. 

СНХ: ӘСЕМ БАХИМОВА, АНАСЫ: /қаз/ Отағасы келіп үйге келіп айтты. Бізде осындай сайыс болады. Отбасы туралы сурет салу керек деп. Ахмедиярға біз айтып көрдік. Қатысасың ба деп. Ол ия қатысам деді. 3 күннің арасында салды осы суретті. Асықпай. Сурет салуға да керек қой муза дейді ғой.

РКС: Сурет салудан басқа Ахмедияр каратэ үйірмесіне де қатысады. Бүгінде жасыл белбеу иегері бірнеше сайыстарға қатысып үлгерген. Жүлделі орындарға да ие болған.

СНХ: АХМЕДИЯР РАХЫМОВ, БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ: /қаз/ Петропавл, Щучинкс қалалараныа сайысқа бардым. Щучинскіде екінші, Петропавлда бірінші орын алдым. Маған каратэ ұнайды сенсейым да ұнайды. +Маған ағылшын мен математика ұнайды. +Орыс тілі ұнайды сосын. Менің анам кезінде орыс тілінен сайыстарға қатфсқан. Тақпақтар айтқан. +Мен де сондай жарыстарға қатысқым келеді. + Мен домбыраға барғанмын бір күн. Менде көп жұмыс болған. Каратэ, соревнаваниялар болды. Сосын+ағылшыннан соревнование болды. Сосын қолым тимей кетті домбыраға. Енді келесі жылы барам. 

РКС: Түсірілім барысында өзін сыпайы әрі тәрбиелі екенін көрсете білген Ахмедияр болашақта әке жолын қуғысы келетінін айтты. Ал, анасы бастысы баласының денсаулығы мықты болғанын тілейді. Денсаулығы болса, бәріне қол жеткізері сөзсіз. Қандай мамандықты таңдаса да, біз әрдайым оны қолдап отырамыз,-дейді кеудесін мақтаныш кернеген ана.

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...