ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ ТҰРҒАН ЛАГЕРЬЛЕР КӨП

18:35, 11 маусым 2019

СТЭНД-АП: ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, РЕДАКТОР /// Қатаркөл аймағында 10-нан астам балалар демалыс орны бар. Алайда, оның басым көпшілігі қазіргі уақытта тоқтап тұр. Себептері сан алуан. Меншік иелері жұмысты қалпына келтіруге құлықсыз. Сондықтан нысандар қазір осылайша жабулы күйінде тұр.

Тілші: Кәсіпкерлер тарапынан қызығушылықтың болмау себебі табыстың аздығы. Себебі балалар демалысы маусымдық қызмет. 3 айға бола, нысандарды жыл бойы ұстап тұру оңай емес. Сондықтан бизнес өкілдері салықтық жеңілдіктер қарастыруды сұрайды.       

СНХ: ПАВЕЛ БЕЗВЕРБНЫЙ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР/// Алдағы уақытта барлық жеке меншік лагерьлер жабылып қалса мен таң қалмаймын. Себебі балалар демалысын ұйымдастырудың қиындықтары көп. Оған қарағанда демалыс орнын ересектерге бейімдеген біз үшін әлдеқайда жеңіл. Қазіргі уақытта біз де толық ересектерге, жанұялық демалысты ұйымдастыруға ауысуды қарастырып отырмыз. Сондықтан сүбелі өзгерістер қажет. Әйтпесе, салдары ауыр болады-ау деп алаңдаймыз. 

Тілші: Бүгінде Ақмола облысында арнайы комиссия құрылған. Олар балалар демалыс орындарының басшыларымен кездесіп қандай көмек керектігін білуде. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы да ақпарат жеткізуде. 

СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ/// Қазір жан-жақты қолдау жасау керек. Мәселен, автобус алу қиын. Асханаға арналған техника да қымбат. Оны ауыл шаруашылығындағы сияқты лизинг арқылы рәсімдеудің тетіктерін қарастыру қажет. Солтүстікте әрдайым жылыту жүйесі жұмыс істеп тұрады. Пештерді газға ауыстырып, арзандатылған газ берген тиімді. Кейбір заңдарға да өзгерістер енгізу керек.  

Тілші: Қазір мемлекеттік бағдарлама бойынша егер нысанды жаңадан салса ғана жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге болады. Белсенділер балалар лагерлерін қалпына келтіру жұмыстарын да осы санатқа кіргізуді сұрайды. Бүгінде сауықтыру орталықтарын дамытудың жол картасы әзірленуде. Кәсіпкерлер осы құжатқа мол үміт артып отыр.

ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
19:42, 4 маусым 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...