ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ САҚТАЛУЫ ТИІС!

18:06, 7 ақпан 2019

РКС: Әділбек Мұхамеджановтың мемлекеттік қызметте жүргеніне биыл 10 жылдан асты. Еңбек жолын қатардағы қызметкер болып бастап, сатылап өсіп отырды. Алайда, тек жұмыс уақытына қатысты мәселе түбегейлі шешілмей келді. Яғни, жұмыс күні аяқталған соң да, уақытқа қарамастан, жұмыста қалуға мәжбүр болды. Ал, қазір мемлекеттік қызметкер сағат тілі кешкі 18.30-ды көрсеткенде, компьютерін сөндіріп, құжаттарын жинастырып, үйге жиналады. Оның айтуынша, жұмыс уақытын сақтау – еңбек қарым-қатынасының маңызды факторы.

СНХ: ӘДІЛБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР/////Менің ойымша, кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудың басты тетігі жұмыс уақытын сақтаудан басталады. Сондықтан, Елбасымыз осы мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Қазір бұрынғыдай емес, жұмыстан уақытылы шығамыз. Бұл жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруға және еңбектің өнімдігігін арттыруға мүмкіндік береді.

РКС: Әділбектің әкесі Қайырболат Мұхамеджанов биыл 69 жасқа толып отыр. Айтуынша, бұрын ұлы жұмыстан тым кеш келетін. Ал, қазір ұлының бос уақыты көп. Оңаша тілдесуге, емен-жарқын әңгіме айтуға және үй шаруаларына көмектесуге мүмкіндігі бар. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше басымдық беріп отырғаны қуантады, - дейді қазыналы қария.

СНХ: ҚАЙЫРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘКЕСІ ///Бұрын балам үйге кеш келетін. Түнгі 11, 12-де. Енді жұмысы солай шығар дейтінбіз. Ал, қазір уақытылы келеді үйге. Бізге көңіл бөледі. Елбасымыз дұрыс айтады. Жұмыс уақыты сақталуы керек. Осындай бастаманың болғанына қуаныштымыз.

РКС: Мемлекеттік қызметкер қазір жұмыстан кейінгі кешкі уақытын үй шаруаларын бітіруге арнайды. Үйдің алдындағы қарды тазалып, су тасиды. Баласы ретінде  ата-анасына қолғабыс болғанына дән риза.

СНХ: ӘДІЛБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ///Әр бала ата-анасына көмек көрсетуі керек. Бұл әрбір азаматтың парызы. Қазіргі уақытта жұмыс уақытының сақталуына ерекше мән беріліп жатқандықтан, әрбір мемлекеттік қызметкер отбасына көп көңіл бөлуге мүмкіндік алды деп ойлаймын.

РКС:   Жұмыс уақытының бұзылуына жол бермеу мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді ұстануына бақылау жүргізуде. Айта кетейік, жұмыс уақытының белгіленген нормасын сақтамау әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

НҰРГҮЛ НҰРБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
19:42, 22 ақпан 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...