ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА СҰРАНЫС БАР

13:34, 20 мамыр 2020

ДК: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 11 мыңнан аса ақмолалықты жұмыспен қамту жоспарланған. Көкшетауда бұл бағытта 33 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл 2 жарым мыңнан аса жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беруде. Алайда, дайын жұмыстан бас тартып, еңбек етуге құлықсыз жандар көп. Қазірдің өзінде 200-ге жуық жұмысшы мамандығына сұраныс бар. Бірақ жұмысқа құлшыныс танытқандар саны аз. 

 

РКС: Қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 540 азамат тіркелген. Орталық мамандары оларға лайықты жұмыс іздеумен айналысуда. Қазірдің өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру аясында 200-ге тарта жұмысшы қажет. Жұмыс бар, бірақ өкінішке қарай дайын жұмысқа құлшыныс танытушылар шамалы,-дейді мамандар.

СНХ: АЛЕКСАНДР СОЛОДКА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ///Аударма: Практически у всех отсутвует желание работать ... Көбі жұмыс істеуден бас тартады. Біреуі жалақысы аз десе, енді бірі басқа себептерді алға тартады. Бірақ «Жол картасы» аясында  жұмысшылардың жалақысы 85 мың теңгеден басталады, жұмыс ауқымына қарай одан жоғары да болуы мүмкін. Бірақ бізде есепте тұрғандардың көбінің жоғары білімі бар. Сондықтан олар қара жұмысқа барғысы келмейді. ///

РКС: «Жол картасы» аясында қазірде құрылыс және жол жөндеу саласындағы мамандарға сұраныс жоғары. Диплом маңызды емес, ең бастысы, сол бағытта тәжірибесі болса жеткілікті, тым құрығанда құлшынысы керек,-дейді орталық мамандары. Десе де, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген көкшетаулықтардың ішінде барға қанағат етіп, жұмыс табылғанына риза жандар бар.

СНХ: ХУАНБАЙ БАТЫРБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ///ҚАЗ. Екі айдан асты, жұмыс іздеп келгем. Берді сол стройка жағынан жұмыс табылды. Істейміз енді бұйырғанын.  Үй саламыз, Алла жазса. ///

РКС: Милана Батырбаева студент. Ол жазғы демалыста қол қусырып отырмай, жұмыс істеуге ниетті.

СНХ: МИЛАНА БАТЫРБАЕВА, СТУДЕНТ    ///аударма: я нашла объявление о том что в центре занятости ....жұмыспен қамту орталығы жазғы демалыста студенттерге лайықты жұмыс тауып беруге көмектесетінін естіп, келіп отырмын. Өзіме лайықты жұмыс іздеп жатырмыз. Табылып жатса, жазда еңбек етем. ///

РКС: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Көкшетау қаласында жалпы сомасы 10,4 миллиард теңге болатын 33 жоба іске асырылуда. Бұл 2600 жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беруде. Оның 1300-і жұмыспен қамту орталығы арқылы өтуі тиіс. «Жол картасы аясында әзірге 26 көкшетаулық жұмыспен қамтылды.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...