ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

20:16, 26 наурыз 2020

 

ДК: Ақмола өңіріндегі 556 мектептің оқушылары қашықтан оқытылады. Қазірде оған дайындық қызу. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған облыстық арнайы штаб отырысында  оқушыларды гаджеттермен қамту мәселесі қаралды. Сонымен қатар, жұмыссыздықты болдырмау, азық-түлік өнімдерінің экспортын шектеу және халықтың әлеуметтік  әлсіз тобына қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды ширату тілге тиек етілді.

 

РКС: Ақмола өңірінде коронавирус дертіне шалдыққандар жоқ. Десе де, қауіптілігі жоғары «1А» елінен келген 159 адам бақылауға алынды, оның 59 арнайы дайындалған медициналық орталықтарға жатқызылды. Ең бастысы, өңірде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына азық-түлік жеткізуге қатысты арнайы сайт ашылды. Сонымен қатар волонтерлар ақмолалықтарға психологиялық қолдау көрсету ісін де қолға алды. Ал, «Тыныс» зауыты облыстың медицина мекемелеріне 77 жасанды тыныс алу аппаратын тегін сыйлады. Бұл әлемді жайлаған COVID-19 коронавирусымен күреске өңірдің кәсіпкерлері де күш біріктіріп отырғанының белгісі. Айта кетейік, өңір басшысы, өңірде жұмыссыздықты болдырмау және шетелге экспортты азайту мәселесіне көңіл бөлуді тапсырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ///аударма: Бүгінде жұмыспен қамту мәселесі өткір тұр. Өйткені, қызмет көрсету орындары жабылып, бизнес өкілдері зардап шегіп отыр. Десе де, еліміз бойынша жұмыссыздықты болдырмау мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы қолға алынды. Оның аясында 700 миллиард теңге  бөлінді, оның 32 миллиарды Ақмола облысына бағытталады. Бүгінде өңіріміз бойынша азық-түлік экспортын шектеу шешімі қабылданды. Және онлайн-сауда бағдарламасы іске қосылып отыр. Бұл бизнес өкілдеріне үлкен қолдау болады. ////

РКС: Бүгінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілуде. Онда балалардың үйде отыруы ерекше бақылауға алынған.

 СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///АУДАРМА:Мониторинг бойынша балалардың көбі күн жылынған соң далада жүргені анықталып отыр. Олардың үйде болуын қадағалауды қолға алу қажет болып отыр. Ертеңнен бастап арнайы көлікпен қала көшелерінде  халықты ақпараттандыру  қолға алынады. Сонымен қатар халық үшін 109 жедел желі іске қосылды. ////

РКС: 4-ші тоқсаннан бастап оқушылар қашықтан оқытылмақ. Бүгінде өңірде оған дайындық қызу жүріп жатыр. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Қазіргі таңда оның 200-ге жуығы дайын.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ///АУДАРМА: Қашықтан оқыту Күнделік кз порталы арқылы жүзеге асырылады. Өңірдегі 560 мектепте аталмыш порталмен жұмыс істеуге дайын. Оған қоса оқушылар мессенжерлерді , мобильді телефондарды пайдаланып сабақ өткізеді. Қазірде өңірдегі оқушылардың 88 пайызының ғаламторға кіру мүмкіндігі бар. Компьютерлері жоқ балаларға уақытша мектептегі компьютерлерді беру қарастырылып жатыр. сонымен қатар мектептерге қосымша компьютер алу мәселесі көтеріліп отыр. ////

 

РКС: Өңірдегі 556 мектептің 207–сі шағын комплектілі. Сондықтан, онда балаларды мектепте оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. Өңір басшысы, барлық мектеп оқушыларының қашықтан оқытуға дайын болуын басты назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар өңірдегі спорт алаңдарын уақытша жабу туралы тапсырма берді.

 

 

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...