ШҰҒЫЛ! 23 ҚАРАША - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 1,2 МЛН АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19:42, 29 шілде 2020

ЖҮРГІЗУШІ: Елімізде шағын және орта бизнесті қолдау үшін 11 мыңнан астам жоба мақұлданып, 800 миллиард теңгеден астам несие берілген. Экономиканы қолдау шаралары туралы айтқан Ұлттық экономика министрі «жұмыспен қамту жол картасының» да сәтті іске асып жатқанын жеткізді. Елімізде дағдарыстан шығу үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр? Тілшіміз тарқатсын.

ТІЛШІ: Экономиканы тұрақтандырып, халықты қолдау үшін ауқымды екі бағдарлама іске асып жатыр. Оның біріншісі – «Жұмыспен қамтудың жол картасы». Жұрттың табысын арттыруға арналған жобаға 1 трлн теңге бөлінген. Қыруар қаржының қайда жұмсалып жатқанын министр түсіндіріп берді.

СНХ:  РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ 06:22 (АУД)- Бағдарламаға бөлінген ақшаға мектеп, жол салу, газдандыру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту, сумен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Яғни әр өңірде қордаланған мәселелерді жою үшін жұртты сонда жұмысқа орналастырдық. Осылайша бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын  жақсартып жатыр.

КЕСТЕ: Жамбыл облысында 50 мың тұрғыны бар ауылдарға көгілдір газ тартылуда. Ал Атыраудағы елді мекендерде су желісінің құрылысы қарқын алған. 5,5 мың шақырым республикалық, 4 мың шақырым жергілікті жол салынуда. Құрылысқа 200 мың адам жұмысқа тартылған. Ал жыл соңына дейін тағы бір миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Переход!

ТІЛШІ: Ал экономиканы тұрақтандыру үшін шағын- орта бизнесті қолдауға 1 трлн қаржы қарастырылған. Ақша «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» секілді бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге 6 пайызбен үлестіріліп жатыр. Қазір 864 млрд теңгеге 11 мыңнан астам жоба мақұлданған.  Әрі айналым қаражат алу үшін бизнесмендерге қосымша 600 миллиард бөлінеді.

СНХ: РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

10:52 -Ұлттық банк ешқандай шектеулерсіз, шағын және орта бизнесті, сонымен қоса жеке кәсіпкерлерді600 млрд.теңгеге жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске қосты.Кредиттер айналым қаражатын толықтыруға 1 жылға 8%-пен беріледі.

ТІЛШІ: Кәсібін дамыту үшін несие ғана емес, салықтық жеңілдіктер де берілген. Министрдің айтуынша 700 мыңдай бизнесмен жеңілдікке ілінді. Кесте: Десе де карантин кері әсерін тигізбей қоймайды дейді Дәленов. Әсіресе қызмет көрсету саласы шамамен 6 пайызға құлдыраған. Ал ЖІӨ 0,9 пайызға төмендеуі мүмкін. Бірақ Дәленов алаңдауға негіз жоқ. Кез-келген жағдайға дайынбыз дейді. Оның үстіне Ұлттық экономика министрлігі президент тапсырмасымен стратегиялық жоспар әзірлеп жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

23 ҚАРАША - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
19:07, 23 қараша 2020
23 ҚАРАША - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН
19:05, 23 қараша 2020
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН
Толығырақ...
АУЫР АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ОНЛАЙН ӨТУДЕ
17:45, 23 қараша 2020
АУЫР АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ОНЛАЙН ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар