ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

«ЖЫЛ СТУДЕНТІ – 2019» БАЙҚАУЫ

16:25, 29 қараша 2019

 


Абай  Мырзаметов атындағы Көкшетау университетінде Тұңғыш Президент – Елбасы күніне орай «Жыл студенті - 2019» байқауы өтті. Сонымен қатар, дәстүрлі шара барысында білім ордасының білікті  ұстаздары мен қоғамдық жұмыстарда белсенді студенттері «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Шұғыла» бастауыш партия ұйымына мүшелікке қабылданды. Оларға «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов партия  куәліктерін табыстап, алдағы жұмыстарына сәт-сапар тіледі.

Айтулы шара білім ордасында жыл сайын кең көлемде аталып өтіледі. Бірі партия құрамына өтіп қуанып жатса, енді бірі «Жыл студенті» атағына ие болып шаттануда. Абай Мырзахметов атындағы «Шұғыла» бастауыш партия ұйымы жыл сайын жаңа белсенді түлектерді қабылдайды. Аталмыш партия 2013 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Бұл күні  партия құрамына 60-тан аса білікті маман мен белсенді студенттер  қабылданған. Ал, осы жылы партияға білім ордасынан 12 адам лайық деп танылды.

САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Біз осы шараны жылда өткіземіз. Осы жылдың және алғашқы семестрдің қорытындысын жасап, жақсы балаларды атап өтеміз. Яғни, спорттық, мәдени шараларға белесе қатысқан студентерге арнайы сыйлық жасаймыз. Ең бастысы «Жыл студент-2019» номинациясына лайықты студентті анықтаймыз.+скл+Сонымен қатар, біздің  үлкен профессор ұстаздар мен студенттерге «Нұр Отан» партиясының партиялық билеттерін табыстаймыз. Сондықан бұл шараның студенттер үшін, біз үшін маңызы зор.

 «Шұғыла» бастауыш партиясына қабылданған жандардың бірі – Диас Мұхамедқалиев. Ол аталмыш оқу ордасының 2 курс студенті. Диас өңірдің мәдени, әдеби және басқа да салаларында белсенділік  танытуда. Сонымен қатар, Абай Мырзахметов  атындағы Көкшетау университетіндегі «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.

ДИАС МҰХАМЕДҚАЛИЕВ, А.МЫРХАМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Қазіргі таңда университеттегі «Жас Отан» жастар қанатында 637 адам тіркеулі. Біз осы кезге дейін көптеген шаралар өткіздік. Мысалы, «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұрпақтар сабақтастығы» атты  жобаларды іске асырып жатырмыз. Осы еңбегімізді елеп, «Нұр Отан» партиясы өзіне мүшелікке қабылдауда.Алдағы жоспарымыз «Нұр Отан» партиясымен бірлесе, соғыс ардагерлеріне көмек көрсету және Жаңа жылға балалар үйіне барып, шара өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ал, кештің басты номинациясы  «Үздік студент» атағына университеттен 4 студент өтінім  білдірген. Арнайы ұстаздар алқасы студенттердің жеткен жетістігі мен атқарған жұмыстарын саралай отыра, «Үздік студент» номинациясына экономика факультетінің 4 курс студенті Ақмарал Кенжебаеваны лайық деп таныды. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...