ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

Зияткерлік меншікті қорғау туралы келісімге қол қойылды

17:39, 18 наурыз 2017

Соңғы жылдары Ақмола облысында тауар белгілерін заңсыз пайдалану деректері жиілеп тұр

Соңғы жылдары Ақмола облысында тауар белгілерін заңсыз пайдалану деректері жиілеп тұр. Мәселен, өткен жылы өңірде осы мәселеге байланысты 7 адам жауапкершілікке тартылып, оларға 593 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, тауар белгілері де – зияткерлік меншік болып есептеледі. Сондықтан, ол мемлекеттік органдармен қорғалуы тиіс. Бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол қойған Ақмола облыстық Әділет органдары, Ішкі істер және мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының өкілдері осындай ортақ пікірге келді.

Зияткерлік меншікті қорғау – бүгінгі күні мамандарды алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан, қазір осы бағыттағы жұмысты жетілдіру, мемлекеттік органдардың бақылауын күшейту және қарапайым азаматтардың өз құқықтарын қорғай алуына жағдай жасау маңызды болып отыр. Ол үшін бірлесіп жұмыс істеудің де берері мол. Жаңа құжат осы мәселені реттейді деп күтілуде.    

Нұргүл Нұрбайқызы, Данияр Жұмағұлов

Тақырып бойынша материалдар

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
19:48, 21 қыркүйек 2017
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...