ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

10:52, 4 шілде 2019

ДК: Еркін күрес палуаны Ерхан Бексұлтанов 62 келі салмақ дәрежесінде ІІ дүниежүзілік мектеп оқушылары олимпиадасында алтыннан алқа тақты. Аталмыш әлемдік бәсеке биыл Венгрияның Будапешт қаласында өтті. Яғни, қазақстандық спортшыларды венгриялық "Арена" стадионы ыстық ықыласпен қарсы алды.

РКС: Осы жылы әлемдік жарысқа қазақстандық құраманы аға жаттықтырушы Қайрат Барсаев бастап барды. Төрткүл дүние көз тіккен жарысқа әлемнің 20 елінен келген спортшылар қатысты. Кіл мықтылар 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ал, жерлесіміз Ерхан Бексұлтанов 62 келі салмақ дәрежесінде үздік деп танылып, бірінші орын алды.

СНХ: ЕРХАН БЕКСҰЛТАНОВ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ///қаз///Мен бапкерімнің арқасында  финалдық тартыста жақсы ойын көрсеттім. Американдық Тейлормен күрестім. Мен ол палуанды 6-5 есебімен жеңіске жеттім.

РКС: Қазақстан, Ресей, Америка, Украина, Италия, Бразилия, Солтүстік Африка және БАӘ мемлекеттерінен жиналған 14-15 жас аралығындағы палуандар тартысты ойын көрсете білді.  Еркін күрестен Ақмола  облысының жаттықтырушысы Олжас Әшімовтің айтуынша, Ерхан бес жекпе-жек өткізіп, айырықша басымдықпен жеңіске жеткен. Алғашқы белдесуде итальяндық палуанды шан қаптырған Ерхан Бексұлтанов екінші айналымда украиндық қарсыласынан басым түскен. Екі кездесудің нәтижесі 10:0. Ал, финалдық белдесуді жаттықтырушы толық былай баяндады.

СНХ: ОЛЖАС ӘШІМОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ // Ерхан жарыс алдында қарсыластарын қайтсем де жеңем деген мақсат қойды. Ол көздеген мақсатына жетті. Яғни, түрлі айла-тәсілдерін бозкілемде жақсы пайдалана білді. Қазір сіздерге көрсетемін.

РКС: Еркін күрестен оқушылар арасында өткен ІІ әлемдік дода 150 спортшының басын қосты. Венгрияда сынға түскен мықтылар іріктеуден іркілмей өткен спортшылар.  Қазақстанда іріктеу жарысы Алматыда өткен болатын.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ
14:48, 12 маусым 2019
БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...