ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

БАПКЕР ШӘКІРТТЕРІНЕ ҮЛГІ БОЛДЫ

14:39, 15 мамыр 2019

РКС: Соңғы бірнеше жыл бойы Ақтөбе татамиінде өтетін халықаралық турнирге үзбей қатысып келе жатқан біздің құрама команда осы жолы да жақсы қырынан көрінді. Жерлестеріміз шыңдалып, тәжірибе жинақтап келе жатқандықтарын дәлелдей түсті. Облыс намысын қорғаған 13 үміткердің бәрі де жүлдемен оралды.

СНХ: АСАНӘЛІ БЕКБЕРГЕНОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ///

РКС: Бірнеше елдің мықты спортшылары жиналған осынау сайыста ақмолалық арулар да аянып қалған жоқ. Өз салмақ дәрежелерінде Аяулым Жексенбай, Алина Грибанова, Алина Иржанова, Зарина Тұрсынбаевалар алтын, күміс, қола медальдарға ие болды.

СНХ: АЛИНА ИРЖАНОВА, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ/// Мен бұл халықаралық турнирге бірнеше рет қатыстым. Осы жолы әлемнің әр түкпірінен келген қарсылас қыздардың бәрі мықты болды. Бапкерлерімнің ақыл-кеңесінің арқасында алтын медальға қол жеткіздім.

РКС: Айта кету керек, Ақтөбеде өткен таэквондошылардың халықаралық турнирінде Ақмола облысының командасын біраз жылдардан бері баптап жүрген Темірлан Қарқожақов татами төріне шығып, тамаша өнер көрсетті.

СНХ: ТЕМІРЛАН ҚАРҚОЖАҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТАЭКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ /// Бапкер қай кезде болмасын бабында болуға тиіс. Сондықтан, жаттығу сәтінде шәкірттеріммен бірге маңдай тер төгіп, таэквондоның айла-тәсілдерін сан мәрте қайталаймын. Ақтөбеде өткен халықаралық турнирге менің жас мөлшерімдегі әлемге танымал спортшылар келді. Соларды тізе бүктіріп, алтын белдікті жеңіп алдым. Бұл менің шәкірттерімнің алдындағы беделімді тіптен арттыра түсті.

РКС: Жалықпай жаттығу, аянбай маңдай тер төгу ақмолалық таэквондошыларды спорттық жетістікке жетелеп келеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...