ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ

14:48, 12 маусым 2019

РКС: Баскетбол қазақ елінде кешегі кеңес кезеңінен бері бұқаралық сипатқа ие. Бүгіндері спорттың осынау түрі мемлекет қолдауының нәтижесінде тіптен дами түсті.

СНХ: ИВАН ГАЙНА, БАСКЕТБОЛДАН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ /// Қазақстан Республикасының жазғы спартакиадасының аясында өтіп жатқан бұл жарыстың мәртебесі биік. Оған, әр өңірдің мықты құрамалары қатысуға тиісті еді. Өкінішке орай, командалар саны осы жылы аз болды. Десе де, жақсы дайындықпен келген. Ерлер командасының ойындары көңілден шығуда. Біз өз тарапымыздан әділ төрешілік және техникалық жағдайды жасап жатырмыз.

РКС: Командалар аз болса да шебер ойындар арқылы баскетбол мамандарының көңілінен шығуда. Ақмола облысының жігіттері де жеңістен үмітті.

СТЭНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР/// Енді бірер секундтардан кейін ойын басталады.

СНХ: ЕРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ ///

РКС: Қазақстан чемпионаттарында көш бастап жүрген Қостанай баскетболшылары шар болаттай    берік, алаңда ширақ қимылдайды. Кешегі ойында көршілер жерлестерімізді 104-те 91 есебімен ұтып кетті. Алда Ақмолалықтар үшін қарымта қайтаратын мүмкіндік мол. Бапкер Самат Карбаевтың нақты тапсырмасын жүзеге асырса жеңіске жетерлері хақ.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
14:42, 11 маусым 2019
ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар