ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕРЛІК ІСІ – ЕЛ ЖАДЫНДА!

14:23, 6 желтоқсан 2018

РКС: Ел тыныштығын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген өрендердің еңбегі елеусіз қалмайды. Осыдан 10 жыл бұрын қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің лейтенанты  қылмыскер қолынан қазаға ұшырап еді. Содан бері жыл сайын батыр қыздың сүйіп айналысқан спорт түрі волейболдан жарыс ұйымдастырылып келеді. Бұл дәстүр биыл да өз жолын жалғастырды. Жарыстың ашылу салтанатына ер жүректі Ольганың анасы арнайы шақырылды. Жыл сайын қызының рухына бағышталып жасалатын бұл шараның биыл да ескерусіз қалмағанына ризашылығын білдірді. Сайыс ұйымдастырушылары бұл үрдістің толастамайтынын тілге тиек етті.

СНХ: НҰРЛАН ӘЛІБЕКОВ, ЕЦ-166/24  ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Ольга Василевскаяның құрметіне жыл сайын турнир ұйымдастырамыз. Басты мақсат -  бақилық аруымызды ұмытпай, рухын есте сақтау және азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

РКС: Сайысқа өңірдің құқық қорғау бөлімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларынан құралған 6 команда қатысты. Бір күнге жалғасқан дүбірлі додада қатысушылар  тек ғана бақтарын сынап қоймай, салауатты өмір салтын сақтауға жаңа серпіліс алды.

СНХ: ВЛАДИМИР ЛИТВИНОВ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ БАПКЕРІ ///Аталмыш турнир биыл 10-шы рет өткізіліп отыр. Ольга мектебіміздің үздік оқушысы әрі үздік волейболшы еді. Бірақ сұм ажал ерте алып кетсе де біз оны ұмытпаймыз.

РКС: Шыдамдылық пен ерік, әдіс пен айла, командалық жігер сынға түскен аталмыш жарыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жүзден жүйрік атанды. Шара соңында барлық қатысушылар арнайы аталымдар бойынша мараппаталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ
19:16, 18 ақпан 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...