ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ФУТБОЛ. АРДАГЕРЛЕР АЛАҢҒА ШЫҚТЫ

14:45, 10 маусым 2019

РКС: Көкшетаудың «Строитель» футбол командасын өз ісінің шебері, Анатолий Малышкин жаттықтырды. Ресейде тұратын, сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер бапкер бүгінгі салтанатқа денсаулығына байланысты келе алмады. Өзге ардагер спортшылар әлі де тың, өздерінің ежелгі қарсыластары бұрынғы «Кокчетав» командасының ойыншыларымен жолдас кездесу өткізуге әзір,-деді «Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Түкеев. Өзге де сөз алған футбол мамандары аладоп ардагерлеріне алғыстарын айтып, олардың жас толқынға үлгі екендіктерін жеткізді.

СНХ: ВИКТОР КУРЯЧИЙ, «СТРОИТЕЛЬ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ/// Шағын футбол Кеңес Одағында енді ғана қанат жайып келе жатқан кез болатын. Білікті бапкер Анатолий Малышкин біз сияқты сол кездің жас футболшыларын арнайы бағдарлама бойынша жаттықтырды. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінде бірнеше кездесулер өткіздік. Бәрінде жеңіске жетіп, Одақ чемпионатына жолдама алдық. Ленинград жасыл алаңында көкшетаулық футболшылар тамаша ойын көрсетті. Ол күндер біздің есімізде мәңгі сақталады.

РКС: Бүгіндері ердің жасы елдуен асқан шебер футболшы Владимир Нидергаус та «Строитель» командасының сапында Қазақстан намысын лайықты қорғады. Ол кейінгі жылдары «Торпеда» және «Оқжетпес» футбол клубтарының сапында тамаша өнер көрсетті.

СНХ: ВЛАДИМИР НИДЕРГАУС, ФУТБОЛ АРДАГЕРІ/// Ол кезде мен 20-ға жетер-жетпес жаста едім. Кілең мықты футболшылармен тізе қосып, Одақ чемпионатында доп тепкенімді жиі есіме аламын. Менің үлкен футболға алғашқы қадамым да сол кезеңнен басталды. Бүгіндері өзім үлгі-өнеге алған ағаларым алпыстан асқан ардагер-спортшылар. Олар қазір өткен күнді еске алып, алаңға шығады. Әдемі футбол көрсететініне кәміл сенемін.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР/// Жасыл алаңда ардагер-футболшылар жасындай жарқырады...

РКС: Бұрынғы «Строитель» командасымен Алик Салыбеков бастаған ардагер-футболшылар жолдастық кездесу өткізді. Мұндайда достықтың жеңері хақ. Ең бастысы, осыдан отыз жыл бұрын Кеңес Одағының чемпиондары атанған аға буын өкілдерінің өздері армандап өткен заманауи жабық спорт кешенінде доп тебу еді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
16:53, 20 маусым 2019
ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...