ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

«ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

14:42, 15 сәуір 2019

СТЭН- ДАП: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, РЕДАКТОР ///Бүгінгі жарысқа  ішкі істер саласының қызметкерлері тыңғылықты дайындықпен келген. Палуандар  4 салмақ дәрежесінде сыңға түсуде. Яғни  66, 74, 82  және жоғары салмақтағы түйе палуан. Әр салмақта жеңіске жеткен жеңіпаздарға осындай  бағалы сыйлықтар табысталады. Боз кілемде жауырыны жер иіскемеген түйе палуан алтын белбеуге ие болады.

РКС: Бүгінгі  таңда елімізде қазақ күрсі  жақсы дамып келеді.  Жыл сайын кіл мықтының  басын қосатын Әлем және Қазақстан барысы турнирлары соның айқын дәлелі. Ал, тұңғыш рет ұйымдастырылған «Полиция барысы» турнирі де көптің  көңілінен  шықты.

СНХ: ЕРЖАН СӘДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ///Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресінен «Полиция барысы» турнирін өткізіп жатырмыз. Спорттың бұл түрі тек біздің елімізде ғана емес, барлық әлемге таңымал. Біздің турнир  қызметкерлер арасындағы өзара достықты нығайтады. Жас қызметкерлер осындай жарыстар арқылы шыңдалып, ысылады деген ойдамын. Сәттілік тілеймін.

РКС: Жарысқа қатысушылар арасында қазақ күресімен бұрыннан айналысып жүрген қызметкерлер де бар. Солардың бірі полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобының капитаны Ғани Әбиев. Ол бұл күнде көптеген облыстық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрінген.

СНХ: ҒАНИ ӘБИЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ ///Бұл жарысты көп күттік. 6 айдай дайындалдым.  Ел жиналды, халық жиналды. Ұлттық спорттың бұл түрімен көп жылдан айналысам. Біз бірі Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасының атынан қатысып жатырмыз. 66 келі салмақта күресем. Жеңістен үміт көп.

РКС: Жарыс  қортындысы бойынша  66 және 74 келі салмақта жүлделі бірінші орынға облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ тобының  қызметкерлері  Олжас Әлпейісов пен Медет Сағындықов иеленді. Ал, 82 келіде Атбасар ауданынан келген Ербол Хамит ешімге дес бермеді. Ең басты жүлде  «Полиция барысы»  атағына қазақ күресінен спорт шебері, Көкшетау полиция басқармасының қызметкері Нұрлан Жамалов ие болды.                        

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ
14:48, 12 маусым 2019
БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ
Толығырақ...
ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
14:42, 11 маусым 2019
ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...