ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ТАЭКВОНДОДАН «BURABAI OPEN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ

16:53, 20 маусым 2019

РКС: Шығыс жекпе-жек өнерінің бірі - таэквондо спорт түрінен өткізілген республикалық ашық біріншілікте еліміздің барлық дерлік өңірінен жиналған 400-ге жуық жасөспірім  бақ сынады. Жас таэквондошылар 3 даянда 2 минуттан тұратын екі раундта өз шеберліктерін паш етті.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН МЫРЗАГЕЛДИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТАЭКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ///Осы турнир жас спортшыларды алдағы үлкен жарыстарға шыңдай түседі. Әрі өздеріңіз көріп отырғандай, өте көп қатысушы бар. Олар да өзге аймақтағылармен араласып, өздерінің шеберліктермен бөліседі.

СТЭНДАП: ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, РЕДАКТОР///Күштілік пен ептілік сыналатын таеквондо спорты қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі. Бұған бүгінгі турнирдің соңғы үлгідегі электронды протектор жүйесі арқылы өтіп жатқандығы дәлел бола алады. Протектордың ерекшелігі әрбір жасалған соққыдан алған ұпайды төрешінің нұсқауынсыз автоматты түрде өзі есептейді.

РКС: Ия, мұндай жүйенің енгізілуі спорттағы әділеттілік қағидасының жоғары деңгейде сақталуына мүмкіндік туғызады. Жарыста Нұр-сұлтан қаласының үкілеген үмітін арқалаған Айбар Жұматай таэквондомен 5 жыл бойы айналысып келеді. 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айбар бұған дейін де республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүрген өрендердің бірі.

СНХ: АЙБАР ЖҰМАТАЙ, ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫСЫ (НҰР-СҰЛТАН)  /// Таэквондо спортымен біраз жылдан бері айналысамын. Бұған дейін көп жарыстарға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрмін. Бүгінгі жарыстың екі айналымын жеңіспен аяқтадым. Алда соңғы финалдық бәсеке ғана қалды. Қарсыластар өте мықты, әйтсе де, жеңістен үміт зор.

РКС: Турнирге қатысушылардың мақсаты бір - ол жеңіске жету. Даян шыңын бағындыруға аяқтың күші, шапшаңдық пен техникалық дайындығы мықты спортшылардың ғана қауқары жетеді. Естеріңізге сала кетейік, таэквондодан халықаралық дәрежедегі жарыстардан еліміздің оңтүстік аймағы оң нәтижелерімен танылып келсе, соңғы бірнеше жылда жерлес спортшылар да үздіктер қатарынан көрінуде.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10:52, 4 шілде 2019
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ
14:48, 12 маусым 2019
БАСКЕТБОЛ. ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕДЕН ҮМІТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...